Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫ

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫ

    Қызылорда қаласында  Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан Қазақстан Республикасы кубогының I кезеңі аяқталды. Жарысқа Қырғызстан елінен және еліміздің өңірлерінен 320   шахматшы қатысты.  
7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте  Қызылорда облысының құрама командасы үшінші орынды иеленді. Жекелей сайықа келетін болсақ, блиц бойынша 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Назерке Нұрғали, ұлдар арасында Мейіржан Бармағанбетов үздік деп танылса, Әсел Серікбай қола жүлдені еншіледі.
8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Али Кәусардың мерейі үстем болды. «Ең жас шахматшы» номинациясымен 5 жасар Айжұлдыз Қанатқызы мен Данияр Зұлхарнаев марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан кубогы аясында ересектер арасында «Қызылорда Опен» рейтингілік турнир өткізілді. Турнирде «Үздік шахматшы»  номинациясынаәйелдер арасында Сақыпжамал Бармағанбетова, ұлдар арасында Әділет Ерсерік,  ардагерлер арасында Юрий Егай ие болды.
Жеңімпаз, жүлдегерлерге және номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок  және ақшалай сертификаттар берілді.
28 мамыр 2018 ж. 1 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 15 208 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам