Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 2 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН СУ БАСТЫ

2 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН СУ БАСТЫ

  Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер су астында қалды. Тиісті атқарылған шараларға қарамастан Сырдария Қалжан ауылы аймағында дамбаны бұзып кеткен, деп хабарлайды Astana TV.
Дамбаның Қалжан ауылынан 5,5 км аймақтағы бөлігінен су кетіп, 2,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығындағы жерлерді өзен суы басты. Бұл жерлердің 500 гектары күріш алқаптары, өзгелері жайылмалы жерлер мен егістік алқап. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Дамбаны су 29 қаңтарда-ақ жарып кеткен. Содан бері бұзылған жерді екі мердігер ұйым қалпына келтіруге тырысуда. Бұл дегеніңіз 60 адам мен 16 арнайы техника. Соған қарамастан 1300 метр аумақтағы жерді бекіту мүмкін болмай тұр. «Сырдария ауданы бойынша, төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі төтенше жағдайлар комиссиясының отырысын өткізді. Сырдария өзенінің облыс аймағын алып жатқан бөлігі 1274 км-ді құрайды. Осы алқаптың 1111 бөлігінде қалыңдығы 20-дан 60 см-ге дейінгі мұз қатқан. Оның астында 2-2,5 метр тереңдікте шұңқыр қалыптасып, су аға алмай, тасып жатыр», - деп түсіндірді Қызылорда облысы мобилизациялық дайындық жөніндегі басқарма жетекшісі Ғабит Жанбаев. Дамба 2-3 күн көлемінде жөнделуі тиіс, ал судан аймақ көктемде тазартылады. Қазір өңірде ауа температурасы түнде -17 градусқа дейін жетеді.
07 ақпан 2018 ж. 1 461 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам