ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ БІР ЕТ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ
Бүгін, Қызылорда қаласында ет өнімдерін өндіретін тағы бір заманауи «Смағұл» мал бордақылау алаңы іске қосылды. Бұл жобаны, жеке кәсіпкер «Алтайбаев» өз қаражаты есебінен 300 млн. теңгеге жүзеге асырып отыр.
4 гектар аумақты алып жатқан жер телімі мен 3 мың шаршы метрді құрайтын цехтың қуаттылығы - тәулігіне 50 бас мал сою пункті және 200 бас мал бордақылау алаңынан тұрады.
Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтығалы отыр.
Осындай, өңіріміздегі агроөнеркәсіп кешенін дамыту жолында маңызы зор айтулы нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Н.М.Нәлібаев және облыс әкімінің орынбасары С.С.Қожаниязов арнайы қатысты.
Қала әкімі Н.Нәлібаев бұған дейін де маңызды жобаларды жүзеге асырып, өңіріміздің экономикалық әлеуетінің артуына қосып жүрген айтарлықтай үлесі үшін, жоба жетекшісі жеке кәсіпкер «Алтайбаевқа» алғысын жеткізді.
- «Туған жерді түлетіп, ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген жоба басшылығына риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін» - деді, қала әкімі құттықтау сөзінде.
Жалпы, соңғы жылдары қаланың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді.
Оның ішінде, Елбасының осы салаға жасаған зор қолдаулары мен «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында мал шаруашылығын өркендетуде өрелі істер мен тың жобалар жүзеге асырылуда.
Мысалы, соңғы екі жылдың өзінде біздің өңірімізде мал шаруашылығын дамытуға тартылған қаржы көлемі 700 млн. теңгеге жетті.
Ауқымды жұмыстардың арқасында, мал саны алдыңғы жылдармен салыстырғанда 50 мың басқа артқан.
Оның ішінде мүйізді ірі қара 114 пайызға, жылқы 107 пайызға, түйе 102 пайызға, уақ малдар 109 пайызға артып отыр.
Қалада ауыл шаруашылығы өндірістік коопертивтерінің саны 27-ге жетті. Оның ішінде мал бордақылаумен айналысатын коопертивтер саны 18-ді құрады.
Осындай жұмыстардың арқасында, ет өндіру 110 пайызға артып отыр.
Сонымен қатар, 2017-2018 жылдары ауыл шарушылығы өндірістік кооперативтері «Ауыл шараушылығы қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 495 млн. 800 мың теңгеге - 2 мың 800 бас «ет және сүт» бағытындағы мүйізді ірі қара малын сатып алып, қазіргі таңда қала халқына қол жетімді бағада өз өнімдерін ұсынып отыр.
Былтырғы бір жылдың өзінде, қаламыздағы «Күшімбаев АГРО» шаруа қожалығы Иран Ислам Республикасына тірідей салмағымен 812 бас қозыны экспорттады.
Нәтижесінде, мемлекет тарапынан өңіріміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 94 млн. теңге субсидиялар берілген.
Қала әкімінің баспасөз қызметі