БҮГІН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ.
Мемлекеттік рәміздер туралы 10 дерек.
1992 жылғы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тұңғыш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде таңбаланып қалды.
Qamshy.kz ақпарат агенттігі мемлекеттік рәміздер жайлы он деректі ұсынады:
- 1992 жылы ҚР Мемлекеттік туын таңдайтын сәтте 600-ден астан адам өз нұсқаларын ұсынған.
- 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік тудағы ою бастапқыда қызыл түсті болған. Кейіннен алтын түске ауыстырылған.
- 1992 жылы Елтаңбаны таңдар кезде 293 нұсқа ұсынылған.
- Мемлекеттік елтаңба таңдалған сәттен бастап еш өзгеріске түспеген.
- Елтаңбаға жұлдыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен енгізілген.
- Батсапқыда Елтаңба авторы жұлдыздың орнына күн немесе айдың бейнеленуін ұсынған.
- 2006 жылы бүгінде қолданыста жүрген Мемлекеттік әнұран бекітілді. Ол 2006 жылдың 11 қаңтарында Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімі алғаш рет орындалды.
- Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстаным» әніне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі өзгерістер енгізіп, Әнұран авторларының бірі ретінде бекітілді.
- Жаңа бекітілген Әнұран 59 сөзден тұрады. Оның ішінде 25 сөз жаңадан енгізілген. Ал әуені толықтай сақталған. Музыкасының авторы – Шәмші Қалдаяқов.
- Алғашқы Әнұран сөзінің авторлары саясатқа негізделіп таңдалған деседі. Олар – қазақтың үш жүзінен шыққан үш ақын Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әли және Тұманбай Молдағалиев. Кейінірек бұл тізімге арасында әйел адам болуы керек деген оймен Жадыра Дәрібаева қосылған екен.