Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨҢІРЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 3 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ 589 ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН

ӨҢІРЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 3 МЛРД.ТЕҢГЕГЕ 589 ЖОБАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРҒАН

    Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында айтты.
Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысына «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен сала басшылары, қаржы институттарының басшылары мен аймақ кәсіпкерлері қатысты.
Палата директоры Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұсынылған  өңірлерде  шағын және орта бизнесті дамытудың 7 басым бағытының жергілікті әкімдікпен бірге сәтті жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.
«Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының қолдауымен республикада бірінші болып толық форматты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Кәсіпкерлерге қолжетімді болуы үшін жер телімдері мен инженерлік желілерге қатысты ақпараттар ресми интернет-ресурстарда орналастырылған. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің сайтында Қызылорда қаласы мен 7 ауданның бас жоспары, түбегейлі жоспарлау жобасы орналастырылған. Бас жоспарға қатысты толық ақпаратты аталмыш сайттағы анкетаны толтыру арқылы алуға болады. Мұнан өзге, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ауылдық елді мекендердің электронды картасын әзірледі. Картаға 18 аудан мен ақпараттың 63 деңгейі енгізілді. Карта демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, статистикалық және өзге де сипаттағы ақпараттармен қамтылған. Атап айтқанда, картаға шекарасы белгіленген әкімшілік аумақтар, көше-жол тораптары, ғимараттар, кәсіпкерлік нысандар, электр, газ, жылу, байланыс желілері мен су жүйелері туралы ақпараттар толықтай енгізілген. Барлық ақпараттар мемлекеттік органдар, сондай-ақ монополистік мекемелермен ұсынылған мәліметтер негізінде өзектендіріліп отырады. Сондай-ақ, топографиялық және космо түсірілімдері 6 ай сайын жаңартылады», - дейді Ғалымбек Жақсылықов.
Палата басшысының айтуынша, мұнан өзге, облыста «100 сауда орны» жобасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан 70 жер телімі әрі қарай кәсіпкерлерге конкурс негізінде беру үшін «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына берілген. Жоба басталғалы 20 жер телімі кәсіппен айналысатын қызылордалықтарға табысталған.
        Кәсіпкерлер үшін маңызды консультативтік-кеңесші органдар мүшелігінде бизнес өкілдерінің қатысуы 50 пайызды құрап отыр.
        Кәсіпкерлер палатасының директоры кәсіппен айналысқысы келген қызылордалықтарды жеңілдетілген шағын несиемен қамтамасыз ету бағытында да нәтижелі жұмыстар бар екендігін жеткізді.
        Облыста 2014 жылы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жобасын қаржыландыруда, әсіресе ауыл азаматтарының бастамаларын қолдауға бағытталған «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы құрылды.
        «Бұл Орталықтың өзге қаржы институттарынан ерекшелігі – несие беруде және кепілге мүлік алуда халыққа ыңғайлы саясатты ұстануында. Бұрын мемлекеттік бағдарлама аясында несие алуды көздеген азаматтар қаржыны екінші деңгейлі банктерден алуға барғанда кепілге қойылатын мүлікке келгенде тығырыққа тірелетін. 2014 жылдан бастап біздің облыстың әкімдігі бұл мәселені оң шешті. Орталық 2016 жылдан бастап Кәсіпкерлер палатасының сенімгерлік басқаруында. Қазіргі таңда Өңірлік орталық «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын жүзеге асыруда облыстағы негізгі операторлардың бірі», - дейді Палата директоры.
        Айта кету керек, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы бүгінгі күнге дейін облыста жалпы құны 3 млрд.теңгені құрайтын 589 жоба қаржыландырылып, жаңадан 1150 жұмыс орыны ашылған.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
04 маусым 2018 ж. 1 082 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам