СЫРДАРИЯДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қызылорда облысы әкімі Қ.Елеуұлының, мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық тарихи – мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мекеменің ұйымдастыруымен Сырдария ауданында «Тарихи – мәдени мұра: тәжірбиелер, мәселелер және даму болашағы» тақырыбында республикалық семинар кеңес өтті.
Кеңеске Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж.Төрәлиев және бөлімнің ескерткіштерге жауапты маманы Г.Жалғасова қатысты. Жиын барысында профессор М.Елеуов қазіргі таңдағы тарихи – мәдени мұра объектілерінің әліде зерттеуді қажет ететін тұстарын атап өтсе, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің директоры Сапар Әлиасқарұлы осы уақытқа дейінгі атқарылған ауқымды шаралар мен алда тұрған міндетерді баяндап өтті. Кеңеске келген өзге облыстардыңда өкілдері сөз алып тәжірбие алмасты.