Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

СУМЕН ҚАМТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

  Арал ауданына қарасты Аманөткел елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстарының аяқталып, іске қосылуына орай салтанатты шара өтті.
Аманөткелдік ағайынның қуанышын бөлісуге арнайы қатысқан аудан әкімі М.Оразбаев тұрғындарды бүгінгі қос қуанышпен құттықтап, мерейлі мереке аясында  аудан орталығынан жаңа «Рәміздер алаңы» ашылғандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, мұндай іргелі істер алдыңғы жылдары жалғасатындығын да жеткізді. Өз кезегінде сөз кезегін алған ауыл ақсақалдары да жұртшылық үшін аса маңызды мәселенің шешімін тауып, ел игілі жолындағы жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, ақ тілектерін жолдады.
Иә, халық денсаулығының мықты болуы ең алдымен таза ауыз судың сапасына байланысты. Осы орайда, жұртшылықтың да талап-тілегі біреу, ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі Арал ауданында оңтайлы шешімін тауып келеді. Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр.
Айта кету керек, өткен жылы бастау алған жұмыстарды мердігер мекеме «РЗА» акционерлік қоғамы абыройлы атқарып, елді мекенінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту  және кеңейту  жұмыстарын мереке қарсаңында толық аяқтаған. Жұмыс барысында жалпы елді мекен бойынша барлығы 33 шақырым магистральді желі жүргізіліп, су сорғы станциясы күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар, елді мекен бойынша 330 дана су есептегіш қондырғылары орнатылған. Мұндағы су мұнарасының сыйымдылығы 50 м3 құрайды.
05 маусым 2018 ж. 1 304 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 645 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам