ФРАНЦИЯДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СМАРТФОН ҚОЛДАНУЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

Алайда оппозиция өкілдері аталған бастаманы іс жүзінде жүзеге асыру - қиын болады дейді. 2016 жылы елде жүргізілген сауалнама нәтижесінде, Франциядағы жасөспірімдердің 90 пайызы смартфон қолданатыны анықталған. Мектеп мұғалімдері шәкірттерінің сабаққа көңіл бөлуін доғарып, жаппай әлеуметтік желіге телміріп кеткенін айтып, ел билігіне шағымданған еді. Осыдан кейін, депутаттар қордаланған бұл мәселені тек заңмен бекітіп, шешуге болатынын айтқан.