ІЗГІЛІК – ӨМІР НӘРІ
«Ізгілік – өмір нәрі» атты оқушылардың Республикалық әлеуметтік жобалар фестивалінің облыстық кезеңі Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп базасында өткізілді.
Фестиваль мақсаты: оқушылардың қоғамға қызмет етуіне бағытталған, тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне, тануына және әлеуметтік белсенділігін дамытуына көмектесетін іс-әрекетін мадақтау және ынталандыру болып табылады.
Фестивальға өңірдегі аудандар мен қала және облыстық білім беру мекемелерінің арасынан іріктеу кезеңінде жеңімпаздар атанған 7-11 сынып оқушылары қатыстырылды.
Фестиваль өте тартымды, әсерлі, жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Әділ-қазы мүшелері оқушылардың әлеуметтік белсенділігін, жоғары адамгершілік қасиеттерін, іскерлік дағдыларымен қоса, қоғамдық әлеуметтік мәселелерді шешуіне жұмылдыру белсенділігін дамыту міндеттері қарады.