Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕНИНГОКОКТЫ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН ЖІГІТТІҢ ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕНИНГОКОКТЫ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН ЖІГІТТІҢ ЖҰЛЫН СҰЙЫҚТЫҒЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ

   Қызылорда облысында менингококты инфекция жұқтырып, қаза болған жігітпен науқаспен қарым-қатынаста болғандарға медициналық бақылау әлі жүргізілуде. Ал, науқастан алынған жұлын сұйықтығы зертханалық зерттеу үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева мәлім етті. Сондай-ақ, бүгінде менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық төмендеп келеді.
«Сыр өңірінде менингитпен сырқаттанудың алдын алу мәселелері бойынша «қауырт желі» тәулік бойы жұмыс істейді. Оған әрбір адам тәуліктің кез келген уақытында қоңырау шалып, менингитке қатысты туындаған мәселелер бойынша инфекционисттің немесе эпидемиологтың сауатты консультациясын ала алады.
Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған Call-орталықтары базасына 67 қоңырау түскен. Операторлардың айтуынша, қоңыраулардың жартысынан көбі күндізгі уақытта түссе, түнгі уақытта да орталыққа қоңыраулар белсенді түрде қабылданды», - дейді Ұ.Аханаева.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін облыста менингококты инфекция жұқтырған 1 жағдай тіркелді. Осы жылдың 31 мамырында Жаңақорған ауданының тұрғынынан инфекция анықталған болатын. 27 жастағы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Алайда, дәрігерлер науқасты аман алып қала алмады, азамат 2 маусымда аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
10 маусым 2018 ж. 1 309 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам