ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚАМШЫБЕК - ПРЕЗИДЕНТ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ, ДӘМЕТКЕН - ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ!

16 елдің былғары қолғап шеберлері қатысқан дүбірлі бәсекеде Қазақстан құрамасы 10 алтын, 6 күміс, 12 қола медальмен жалпы есепте көш бастады.
Қамшыбек 91 келіден жоғары салмақта бақ сынасып, екінші мәрте қатарынан жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жарыс барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетті. Қамшыбектің алдағы жоспары Олимпиада ойындарына жолдамаалу үшін келесі жылы Сочиде өтетін лицензиялық Әлем чемпионатына дайындалады.
Сондай-ақ, айтулы додада жерлесіміз Дәметкен Келімбет 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Қос спортшы да облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады.