Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫЛЫҚ КОЛЛЕКЦИОНЕР ҚЫШ ҚҰМЫРАНЫ 10 МЫҢ ДОЛЛАРҒА САТУДАН БАС ТАРТҚАН

ҚАЗАЛЫЛЫҚ КОЛЛЕКЦИОНЕР ҚЫШ ҚҰМЫРАНЫ 10 МЫҢ ДОЛЛАРҒА САТУДАН БАС ТАРТҚАН

    Қазалы ауданының шалғай ауылында тарихи жәдігерлерді жинап, көзінің қарашығындай сақтайтын коллекционер тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бар-жоғы бес-алты үй қоныстанған «Тапа» деп аталатын елді мекеннің тұрғыны Аманжол Жұмабеков мал өсірумен айналысады. Мал баға жүріп, елді мекенінің аумағынан топыраққа көмілген көне жәдігерлерді жинайды. "Пайымдауымша, ертеректе бұл жерде қыштан құмыра құятын көне ошақтар болған. Бірнеше бұйымдардағы өрнектерді ғылыми зерттеу институтының мамандарына көрсеткен кезімде Жанкент қаласының орнынан табылған бұйымдарға ұқсастығы бар екенін айтқан. Қазір қолымда 200-ге жуық жәдігер бар", - дейді Аманжол Жұмабеков. Дәлірек айтсақ, құнды заттардың қатарында күйдірілген құмыралар, құмыра сынықтары, дән үккіш, жебе жасауға арналған тастар, инелер, кесу құралдары, қайыс қиюға арналған тас, қола ерітіп құятын ыдыс, құмыраға өрнек салатын зат, мыс, темір жебелер, найза ұштары, тас моншақ, сақ жауынгері бейнеленген сақина, сырға, әшекей бұйымдар, қазан, төс, монеталар, түймелер, тас пышақтар, тері өңдейтін бұйымдар мен тағы басқалары бар. Әрқайсысының өз тарихы бар. Мәселен, коллекционер қолындағы бір монетаны көрсетті. Ол 1350 жылы Самарханда әз Жәнібектің тұсында жасалынған. Ал, тастан жасалған түймелердің де бойына бүккен сыры бөлек. «Ертеректе «Тапа» елді мекенінің үстімен Ұлы Жібек жолында сауда-саттықтың ордасы болған, оғыздар мекендеген Жанкент қаласымен байланыстыратын керуен жолы өткен. Бұл жерде үлкен бір қоныс болған секілді. Құмыра жасайтын, тас шабатын шеберхана орындары мен пеш қалдықтарының ізі бар. Дауыл тұрып, топырақ суырғанда құмның арасынан шығып қалған көне заттарды 1969 жылдан бастап жинап келемін. Өзім іздеп тапқандарымды тіркеп отырамын. Әр бұйымды тарихшылар сыртындағы өрнектеріне қарап ажыратады. Археологиялық институттардан келген ғалымдар бұларды қола дәуірінің заттарына жатқызды. Менде қазір жиырмаға жуық құмыра бар. Менің бір байқағаным, сол дәуірде адамды жерлегенде қасына құмыра қойып, ішіне әшекей бұйымдар мен қойдың етін салыпты. Мен тапқан бір құмыраның ішінен де сырға, сақина сынықтары мен қойдың үш қабырғасы табылды. Итті де қоса көмген. О дүниеге барғанда бұл заттар адамға керек болады деген түсінік болған сияқты. Адам анасының ішінде қалай жататын болса, жерлегенде де солай жатқызған», - дейді Аманжол Жұмабеков. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын Қытайдан келген азаматтар Аманжол ақсақалдан қыш құмыралар мен тағы басқа жәдігерлерді он мың долларға сұраған. Алайда ұлттық құндылық - ата-баба тарихын сатуды ешқашан құп көрмепті. «Менің мақсатым - бұл дүниелерді келер ұрпаққа жеткізу, туған жер тарихымен таныстыру», - деп ағынан жарылды Аманжол аға. Бір күнінің 2-3 сағатын жәдігерлер іздеуге арнайтын Аманжол Жұмабеков досы сыйға тартқан аппаратын алып ауыл маңын аралайды. Ол құралдың көмегімен тереңдігі бір жарым метр жерде жатқан заттың алтын, күміс не мыс екендігін аңғаруға болады екен. Жуырда Шәкен ауылындағы №134 мектеп ұжымы мен оқушылар «Тапа» елді мекеніне экскурсия жасап, Аманжол ақсақалдың үйіне арнайы барып, көне жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар, мектеп ішінен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай оқушыларды өлке тарихын зерделеуге ынталандыратын «Өлкетану» мұражайын ашылды. Мұражай ішінде Аманжол Жұмабеков жинаған көне жәдігерлердің фотосуреттері қойылды. Талай құпияны бүгіп жатқан елді мекендегі құм қойнауынан табылған інжу қазыналарды өмірінің бір бөлшегіне айналдырған қария жәдігерлерді музейге түбегейлі өткізуге қарсы екендігін айтады. Алайда тарихымызды танып білемін, көремін деуші жандарға әрдайым есігі ашық екендігін жасырмады.  
16 маусым 2018 ж. 1 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам