Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады

АҒАШ ОЖАУ

    Ағаштан жасалған ыдыстар көшпенді қазақтар үшін өте қолайлы, оңайлықпен бүлінбейтін әрі жеңіл болған. Сондықтан жазда жайлауға, қыста қыстауға қоныс аударып жүретін аталарымыз барлық тұрмыстық ыдыс-аяқтарын ағаштан немесе мал терілерінен жасауды құп көрген. Бір айта кетерлігі, көне дәуір адамдарына осы тектес дүниелерді жасап шығаруға еңбек құралдары тапшы болғаны тарихтан мәлім. Десе де, оларды ел арасындағы ағаштан түйін түйетін ісмер шеберлер дайындап отырған.   Осындай байырғы қолөнер бұйымдарының көзіндей болып қалған ағаш ожау облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Ақмешіт» музейінде құнды жәдігерлер қатарын толықтырып тұр. Сусын құятын сапты ыдыс қоңыр түсті жиде ағашынан ойып жасалынған. Жалпы ұзындығы 21см 5 мм, сабы 16 см 5 мм құрайды. Ал, ойып жасалған ожау басының диаметрі 6 см. Бір қызығы, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар сынып жарылып кетпес үшін әлсін-әлсін майланып отырған көрінеді. Мүмкін, оның ұзақ уақыт бойы сол күйінше сақталуына да бұл әдістің ықпалы жоқ емес шығар. Бабадан қалған әрбір мұраға ерекше жанашырлықпен қарайтын Жұман Әріпов есімді түгіскендік тұрғын тапсырған бұл жәдігер бүгінде КЗМКП №4493 АКТ №35 нөмірімен музей қорына тіркелген.
     Археологиялық деректерге қарағанда, ожаудың ағаштан жасалған түрлерін Орталық Азия халықтары ерте темір дәуірінде-ақ қолдынысқа енгізе бастапты. Ал, металл ожау тек XVI-XIX ғасырларда ғана кең тараған деседі. Ол дәстүрліқазақ қоғамында дастарқанның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше бағаланған. Оны қолы іс білетін шеберлер тораңғыл, емен сынды түрлі ағаштардан ойып дайындаған. Кейде сабы ою-өрнектермен безендірілген. Ал, тіпті ауқатты адамдар сәндік бұйым есебінде оны алтын, күміспен қаптатып, кейде сабына асыл тас орнаттырған. Мұны археолог мамандар қазба жұмыстары барысында табылған бағалы заттар арқылы растап жүр.
                                                                                                             Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
13 ақпан 2018 ж. 3 338 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам