Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШАЛҚАР ШАБЫТ ШЫРҚАУЫ

ШАЛҚАР ШАБЫТ ШЫРҚАУЫ

   Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары  Сыр өңірінің өнерінде зор  серпіліс болды. Талай таланттар тоғысқан ұжымдар өнер көгінде қалықтап, талғамы заңғар шың секілді талапшыл халықтың үкілі үмітін ақтауға тырысты.
Қазір де сол ансамбльдер жайында елеңдеп қаламыз. әсем әнді әуелете шырқаған сәтте жүрек түпкірінде ерекеше сезім оянып, қияға қалықтаған қиялыңа еріксіз тұсау салмайтын күйге түсесің. Осылайша ән жарықтықтың арқасында өнер атты құдіреттің ұлылығына тәнті боласың.
Қызылорда өңірінде «Сыр сұлуы» мен «Нұргүл» ансамбльдері сонау жетпісінші жылдары тұсауын кесті. Шалқар шабытпен шырқалған әндер әлі күнге дейін құлағымызда қалып қойғандай           күй кешеміз.
Алғаш 1957 жылы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының музыка кафедрасының меңгерушісі Мүлкаман Қалауовтың бастамасымен «Сыр сұлуы» ансамблі құрылды. Сол кезде жастар Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы» әнін жарыса айтады екен. Көпшілік  ұйғарымымен ансамбль осылай аталған.
Өрімдей жастардан құралған өнерпаздар әдепкі жылдарда-ақ халықтың  зор қошаметіне бөленді. Сол жылы жазда республикалық байқауда жүлделі бірінші орынды алып үлгерді. Сөйтіп, шығармашылық ұжымына КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өнер көрсетуге жолдама берілді.  Ол уақытта мұндай жолдама алуға екінің бірінің қолы жете бермейтін. Ансамбль аталмыш сапарынан үлкен табысқа  жетіп, медальмен оралды.
Араға жыл салып, шеберлігі шыңдала түскен өнерге қанат қаққан жастарға Болгарияда өнер көрсетеді деген қуанышты хабар жетті. Осылайша, 60 адамнан құралған ұжым сол мемлекеттің астанасы – Софияда, басқа да көптеген қалаларда болды. Қазақтың және өзге халықтардың әндерін асқақтата орындады. Сапардан оралған соң ансамбль репертуары болгар әндерімен де толыға түсті.
1971 жылы Молдаваның Кишинев қаласында бүкілодақтық телефестиваль басталды.  Осы байқауда өнерпаздар Қазақстан мен Орта Азиядан барған ұжымдардан биік көрін, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Содан кейінгі жылы  Алматыдағы өнер додасында. Осы жолы ансамбльдың жұлдызы жанды. Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасын иеленіп, Бүкілодақтық және республика телевизиясының  тапсырысымен телефильмге түсті. «Сыр сұлуы» осылайша көрерменнің зор қошеметіне ие болды. Олардың ізін ала өнер көгіне тағы бір ансамбль қанат қақты. Қазіргі күніде көпшілік жиі айтатын «Нұргүл» ансамблі қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесі көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде 1971 жылы дүниеге келді.  Алғашқы сәттен-ақ жігерлі жастар облыстық өнер сайысына түсіп, бірінші орынмен көрерменді өзіне тәнті етті. Бірте-бірте, ансамбльдің құрамына асқақ дауысты әншілер, мың бұралған бишілер, сазы сырлы күйшілер, сыбызғышылар, қобызшылар қосылды. Сол жылы олар республика астанасының сахнасында 3 мәрте өнер көрсетіп, Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. Сахнада 2 жыл зор ізденіспен қажымай-талмай өнер көрсеткен «Нұргүл» әрдайым репертуарын жаңа әндермен байытып отырды. 1976 жылы ансамбльге тағы да үлкен сенім жүктелді. Герман Демократиялық Республикасындағы гастрольдық сапардан олжалы оралды. Неміс халқы өнерпаз қазақ жастарын жылы шыраймен, зор ілтипатпен, асқан құрметпен қарсы алды. Олардың Берлиннен басталған шеруі сол елдің 16 қаласында жалғасты.
Міне, осылайша сахна жұлдыздарына айналып, әлемге танылған «Сыр сұлуы», «Нұргүл» ансамбльдерінің есімі ел өміріндегі жұлдызды сәттердің бірі болып тарихта қалды.  
                                                                           Гауһар Асқарқызы.
19 маусым 2018 ж. 1 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 036 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам