БҮГІН ҰБТ БАСТАЛДЫ
Қаладағы 54 мектептен 1725 талапкер сындарлы сынақ тапсыратын болады. Тестілеудің алғашқы легінде қала бойынша 22 мектептен 700 түлектің білім деңгейі сыналады. Емтихан тапсырушыларға облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова ізгі лебізін білдіріп, сәттілік серік болсын деді.
Түлектердің жүрек толқынысы, ұстаздардың алабұртқан көңілі, алаңдаулы ата-аналар бұл шараның қаншалықты маңызды екенін айғақтап тұрғандай. Таңғы сағат 9-дар шамасында сынаққа кірген түлектердің тілеуін тілеген жақындары сыртында күтіп тұр.
– Балам Айдос Төлеу №101 мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері. Баламның оқу үлгерімі өте жақсы. ҰБТ-ға бас алмай дайындалды. Жыл бойы мұғалімдері де, өзі де аянған жоқ. Сол еңбегі ақталып, жоғары ұпай жинаса деген әкелік тілегім бар. Балама үміт артып, «Алтын белгіні» ақтайды деген сенімдемін, – дейді ата-ана Ерболат Қараман.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.