Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰБТ БІЛІМІҢДІ БЕЗБЕНГЕ ТАРТАДЫ

ҰБТ БІЛІМІҢДІ БЕЗБЕНГЕ ТАРТАДЫ

  Он бір жыл алған білімді таразылайтын басты сынақ – ұлттық бірыңғай тестілеудің өтетін күні де жақын. Облыстың мектеп түлектері оған қызу дайындық үстінде. Қазақ мұндайда «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дейді. Түлектер толқыныста жүр. 
Сыр өңірі  ҰБТ ұйымдастыру және сапа жағынан жыл өткен сайын жоғары деңгейге көтеріліп келеді. Биыл сынаққа дайындық кешенді түрде жүргізілді. Мәселен, соның бір айғағы ретінде әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары үшін тегін сынама тестілеуден өтуге жергілікті бюджеттен 18,2 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, облыс көлемінде жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлер базасында түлектердің 94 пайызы дайындықтан өтті. Қазіргі таңда облыс бойынша қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған 9 тестілеу орны ҰБТ өткізуге дайын.
Біздің өңірде биыл  7113 мектеп бітірді. Олардың  түлектің 4821-і сынақ тапсыруға ниет танытып отыр. Бұл қатысушылардың 67,8 пайызын құрайды. Олардың 343-і «Алтын белгіге», 227-і «Үздік аттестатқа» үміткер.
Облыс орталығындағы мектепті бітірген 2141 түлектің 1275-і ұлттық бірыңғай тестілеуде өз бағын сынайды. Яғни, 80,6 пайызы қатысады деп күтілуде. Олардың ішінде 94-і «Алтын белгіге», 106-ы «Үздік аттестатқа» үміткер. Бүгінгі күнге дейін  қалада сынама тестілеу қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш – 94,02 баллды құрап отыр.  Аталмыш шара  өтетін күндері қалаға қарасты 11 ауылдық мектептерден 145 оқушыны тасымалдау және тамақтандыру қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта «Мұрагер» мектебінде орналасқан ҰБТ өткізу орны ереже талаптарына сәйкес қажетті құралдармен жабдықталған. Онда 2 рамалық детектор, 2 қолда ұстайтын металл іздегіш, 13 аудиторияда 13 телефон дыбысын тұншықтырғыш және 28 бейне камера орнатылған. Тест тапсыру кезінде бұл орындарда ата-аналарға арналған арнайы экрандар қойылатын болады.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы ерекшелігі қандай? Өткен жылдан бастап ҰБТ жаңа формат бойынша екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттаудан 29 мамыр-10 маусым аралығында өтеді.  Бұл емтихан барлық түлектерге арналған. Ол міндетті әбілім ұяларының мектептің өзінде болады. Қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін жоғары оқу орнына түсуге талап білдірген жас түлек ұлттық бірыңғай тестілеуден өз білімін таразыға тарта алады. Оның мерзімі 20 маусым мен 1 шілде аралығы деп белгіленген. Басты сынақ бес пәннен тұрады.  Оның ішінде оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақ­стан тарихы міндетті саналады. Ал, екеуі таңдаған маман­дығына байланысты бейіндік пәндер болып саналады. Үшеуі міндетті:
Ескі  формат бойынша аттестатқа оқушылардың ҰБТ-дан алған баллдары қойылатын. Яғни неше жыл 4 пен 5-ке оқып, соңғы сынақта 3 алса, аттестатына да сол баға қойылатын. Өткен жылдан бастап  қорытынды емтиханда өзінің мүмкіндігін көрсетуге мүмкіндік болып отыр.
Биылғы өзгеріс тек тест сұрақта­рына ғана қатысты. Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тапсырыс төңірегінде тест тапсырмаларын жыл сайын 35 пайызға жаңартады екен. Биыл ол 50 пайызға жетті. Яғни әр пән бойынша 140 сұрақтың 70-і өзгерді деген сөз.
Айта кетерлігі, биыл «Алтын белгі» иегерлеріне тек бір ғана басымдық берілетін болды. Яғни, олар мен қатардағы бітіруші бірдей балл жинаған болса, мемлекеттік грантты «Алтын белгі» иегері иеленеді. Ал қатардағы бітіруші одан жоғары балл жинаса, мемлекеттік грант соған беріледі.
Бұл сынақ үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектер үшін –маңызы бар мәселе. Білімдінің өрісі қашанда кең.
       
                                                                                           Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
11 маусым 2018 ж. 1 511 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам