Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІЛІМ БӘСЕКЕСІ ҚАБІЛЕТІҢДІ ТАРАЗЫЛАЙДЫ

БІЛІМ БӘСЕКЕСІ ҚАБІЛЕТІҢДІ ТАРАЗЫЛАЙДЫ

    Оқу жылы мәресіне жетер тұста мектеп қабырғасынан түлеп ұшатын әрбір түлектің жүрегі лүпіл қаға түседі. Алда маңызды сынақ күтіп тұр. Бұл сынақ он бір жыл бойы алған білімін таразылайды. Қиындығы мен қызығы, даңғылы мен бұралаңы көп үлкен өмір жолындағы өз бағытын таңдауға тура бағыт көрсетеді.
Тағы бір оқу жылын тәмамдауға жақын қалды. Оған білім саласы мамандарының дайындығы қалай? Түлектер ұстаз сенімін ақтай ала ма? Осы сауал көптің көкейінде жүргені белгілі.
Үстіміздегі жылы мектеп бітірушілер үшін бірыңғай ұлттық тестілеу 29 мамыр – 30 маусым аралығында жүргізіледі. Тестілеу ережесі биыл өзгерген жоқ. Түлектер 3 міндетті және талапкердің таңдаған мамандығы бойынша екі пәнінен сынақ тапсырады.
Қазіргі таңда барлық мектептерде талапкерлердің білім деңгейі мен қабілетіне бағыт-бағдар беріліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, қала бойынша биылғы оқу жылында мектепті 2139 бітіретін болса, оның 1728-і білім бәсіндегі сынаққа қатысуға өтініш білдірген. Бұл – түлектердің 80,8 пайызы. Олардың ішінде «Алтын белгіге – 93, «Үздік аттестатқа – 107 үміткер тіркеліп отыр. Дегенмен, оқушылардың білім сапасы кейде күткендегідей болмай жүр. Неге? Облыс орталығындағы білім ошақтары жоғары деңгейден көрінуі міндетті. Бұл үшін санмен емес, оқушылардың сапалық деңгейімен жұмыс жасау қажет. Қала әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев осы мәселе жөнінде тілге тиек еткен еді.  
Қала басшысы түлектердің білім деңгейінің жоғары болуы үшін дайындықтың өз деңгейінде жасалуына маңыз беру қажеттігін айтқан еді.
Қалалық білім бөлімінің мамандарының айтуынша, биыл алға қойған межеден шығу үшін барлық іс-шаралар қолға алынып отыр.
Дайындық жұмыстары мектептегі күндізгі, кешкі қосымша сабақтар және түрлі ақылы оқу орталықтар арқылы жүргізілуде. Осы мақсатта 8 млн. теңгеге 2783 дана оқу-әдістемелік құралдары алынды. Сондай-ақ, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары үшін бөлінген 12 млн. теңге 15822 дана сынама кітапшалары алынған. Қаладағы  мектеп ұстаздары түлектердің  жоғары оқу орындарына түсіп кетуіне мол мүмкіндік жасап отыр. Ай сайынғы сынама тесттің қорытындысы бойынша сәуір айында орташа 92 баллды құрап отыр.
Иә, оқушының тынымсыз еңбегі, ал оқытушының шығармашылық ізденісі білім бәсіндегі сынақта айқын көрінері анық. Себебі, мектептердің сапа көрсеткіші ҰБТ қорытындысымен бағаланады. Сондықтан мектептің, мұғалімнің, оқушылар мен ата-аналардың оқу кезеңінде бір дәрежеде күш-қуат жұмсауы қажет болады. Бастысы, емтихан жақындап қалды.
                                                                      Айтолқын АЙТЖАНОВА.
15 мамыр 2018 ж. 1 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам