Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДА АРАҚ ІШУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА АРАҚ ІШУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

   Шартты түрде мерзімінен бұрын түрмеден босап шыққан азаматтарға арақ ішуге, есірткі заттарын тұтынуға болмайды. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бүгін ҚР Бас прокуратурасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының нормаларын түсіндірді.
«Бұрын шартты түрде мерзімінен бұрын түрмеден босап шыққан азаматтарды қадағалау үш жыл жүргізілетін. Яғни азамат толық жазасын өтемей, түрмеден босап шығатын болса, онда жаза мерзімі аяқталғанға дейін ол бақылауда болатын. Айталық, 7 жылға сотталған адам жаза мерзімінің жартысын өтегеннен кейін 3,5 жыл бұрын бостандыққа шығады. Демек, бұл оның түзелу жолына түскенін көрсетеді», - деді Марат Ахметжанов.
Осы орайда ҚР Бас прокурорының орынбасары шартты түрде сотталған азаматтарға мемлекет нақты міндеттер қоятынын атап өтті.
«Мемлекет еркіндікке жіберіп, жанашырлық танытқаннан кейін біз оның алдына нақты бір міндеттер қоямыз. Олар арақ ішпеуі, есірткі заттарын тұтынбауы керек. Егер ол арақ ішіп көзге түссе, онда азамат өз міндеттемесін орындамағаны. Бұл оның қылмыстық әрекеттерінің салдарын әлі түсінген жоқ дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда ол бас бостандығынан айыру орнына қайта жіберіледі», - деп түйіндеді сөзін ол.
22 маусым 2018 ж. 4 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам