КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ

– Аталған жұмыстарды маусым айының басында аяқтау жоспарланған еді. Алайда, инженерлік коммуникациялық жүйелерді ауыстыру кезінде қиындықтар туындады. Сондықтан, бұл іс шілде айының 15-не дейін созыладыдеп жоспарланып отыр, – деді қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев.
Сонымен қатар, Өсербаев және Сағымбаев көшелерін жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Құрылыс шілде айында басталмақ. Әжіқожа көшесінде де ауыз су құбырлары толықтай ауыстырылып болғаннан кейін ғана жөндеу жұмыстары қолға алынбақ.
Жалпы, биыл қыс қытымыр болып, көктем мезгілінде жер асты сулары көтерілді. Содан кеп автокөлік жолдары өз деңгейінен төмен түсіп, жөнделген жол қабаттары қайтадан бұзылды. Желтоқсан, Сәдуақасов, Ғ.Мұратбаев және Бұхарбай батыр көшелері бойынша осындай жағдайлар орын алды. Қазіргі таңда автокөлік жолдары қайтадан мердігер мекемелердің өз қаражаттарымен қалпына келтірілген.
Биболат Сәтжан