Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРТ ҚАРАТАУ ҚҰПИЯЛАРЫ

ҚАРТ ҚАРАТАУ ҚҰПИЯЛАРЫ

   Өткен сенбіде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Шиелі, Жаңақорған аудандарына баспасөз туры болды.
Біз аялдаған алғашқы жер Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, Қаратау жағасындағы Сауысқандық шатқалы болды. Бұл шатқал Еңбекші ауылынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Профессор М.Елеуов басқарған Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ түрік уиверситетінің Тұран археологиялық экспедициясы 2004 жылы зерттеу жүргізді. Олар Үлкен Қаратау жотасының Сауысқандық шатқалындағы жартастарға салынған суреттердің ірі шоғырланған орнын ашқан.
– Сауысқандық шатқалы 500 гектар аумақты алып жатыр. Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің тарихы Қаратау сілемдеріндегі жартастар бетіне қашап, ойып салынған адамдар мен жануарлар тұрпатты петроглифтерден басталады, – дейді Шиелі аудандық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Бекболат Әбуов.
Одан соң БАҚ өкілдері көне қала Сығанаққа  табан тіреді. Ол – Сыр еліндегі тарихи мәні терең көне қалалардың бірі. Қазақстанның киелі жерлерінің картасына еліміз бойынша таңдалып алынған 100 қасиетті орындардың тізіміне облыстан 12 ескерткіш енгізілсе, соның бірі Сығанақ қаласы.
Қазіргі таңда көне қалада ашық аспан астындағы мұражай жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағытта нақты іс-шаралар қолға алынған.
– Шығыс қақпасының екі жақ үлкен қамалы бар. Сол қамалды 3 метрге дейін қақпаның өзін 1,5 метрге дейін көтеруге көңіл бөлеміз. Археологтар қазба жұмыстары барысында қалай зерттеп, қалай анықталғаны бойынша сол қалыпқа қайтадан келтіріледі, – дейді тарихшылар.
Сығанақ қазақ халқының көне қаласының бірі. Сондықтан да ғасырлар бойы ірі саяси орталық ретінде өшпес із қалдырған осынау көне шаһар әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет етеді.


                                                                             
































                                                                                  Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
26 маусым 2018 ж. 2 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 525 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам