ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа алып, ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтай отырып, «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қалыптастыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен пробация қызметінде есепте тұрған және қолайсыз отбасыларда тұратын 14-29 жас аралығындағы жастар арасында 2018 жылдың 26 маусым күні Тарихи өлкетану музейінде экскурция өткізілді.
Шара барысында Тарихи өлкетану музейіннің экскурсоводы Нұртаева Жансая келген жастарға архелогия залынан бастап, б.з.д. II мың жылдық тарихы бар Сауысқандық шатқалынан алынған тастар мен тарихи жәдігерлер, қару-жарақ түрлері, киімдерді әсемдеу мақсатында таза алтыннан жасалған бұйымдар, қанжар, инелерді салатын сүйек сауыт, керамикалық ыдыстар туралы кеңінен әңгімелеп, елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты Қазақ елінің тәуелсіздігі мен Елбасы бейнеленіп тоқылған кілемшелермен таныстырылды. Біраз мағлұматтарға қаныққан жастар музей аралап экскурсия аяқталған соң көкейдегі сұрақтарын қойып, рухани байып қалғандарын жасырмады. Ұлттық мақтанышымыз бен қайнар бұлағымыз жинақталған музейге тағы да келуге ниет білдірді.
Шиелі аудандық Пробация қызметі