Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МУЗЕЙГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

МУЗЕЙГЕ ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

    Еліміздің тарихын, мәдениетін, туған өлкеміздің тарихын білу – әрбір азаматтың міндеті. Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деп айтылған болатын.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаментінің бастамасымен департаментке қарасты мекемелердің  жеке құрам арасындағы жас қызметкерлерді патриоттық және рухани- эстетикалық тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын насихаттау мақсатында Қызылорда облыстық тарихи- өлкетану музейіне  экскурсия ұйымдастырылды. Жас қызметкерлер тарихы терең музейде өлкеміздің табиғаты, өнері, тарихы, мәдениеті жайлы сыр шертетін 14 залын аралады.
Мұражай қызметкерлері музейдің экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттар мен музей тарихынан толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағұлмат берді. Музей экспонаттары – халық тарихы мен өнерін қамтитын талай замандардың тірі куәлары Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани мекемеден жас қызметкерлер тамаша  әсер алып қайтты.
09 сәуір 2018 ж. 3 078 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам