Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰШҚЫР ОЙДЫҢ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

ҰШҚЫР ОЙДЫҢ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

  А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай «Қанатты қалам - 2018» салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Төртінші билік өкілдерін төл мерекесімен  құттықтап, үздік журналистерді марапаттады.
– Сыр өңірінің баспасөз тарихы тамырын тереңнен алады. 1925-1929 жылдар Қызылорда Қазақстанның астанасы болған кезде Сыр өңірінің мерзімді ұлттық басылымдарының қалыптасу және шыңдалу кезі болды. Ұлттық журналистикамыздың дамуы мен қалыптасу жолына көз жүгіртсек, сөз өнерінің майталмандары Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқановтар осы өңірде журналистік қызметтерін атқарғанына тарих куә. Олардың ісін жалғастырушы қазіргі ұрпақ та облыстың жаңалықтарын жедел ақпараттандырса, Сыр өңірінің көптеген түлектері республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында табысты еңбек етуде, – деді аймақ басшысы  құттықтау сөзінде.
Салтанатты шарада облыс әкімі жуырда 80 жасын тойлаған Құрметті журналист, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері Өтеген Жаппарханды мерейтойымен құттықтап, Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.
         Содан кейін шығармашылық шыңның шегіне жетуге, қоғам арасындағы ақпараттық майданның қайнаған шағында халықты кез келген жағдаймен хабардар етіп, жақсы жаңалықтардың жаршысына айнала білген БАҚ өкілдерінің үздіктері ерекше қошеметке ие болды. Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен  облыстық «Сыр бойы» газеті бас редакторының орынбасары Жолдасбек Ақсақалов,  «Тіл мерейі» газетінің  бас редакторы, республикалық «Айқын» газетінің облысымыздағы меншікті тілшісі Миуагүл Байназарова, қалалық «Қызылорда қоғамдық телекомпаниясының» құрылтайшысы Шәкизада Әбдікәрімов марапатталды. Ал, Министрдің Алғыс хатына Облыстық «Кызылординские вести» газетінің шолушысы Серік Бижанов, «Хабар 24kz Агенттігі» АҚ  облыстағы меншікті тілшісі Райхан Тәжібаева ие болды. Сондай-ақ, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттары да сала үздіктеріне табысталды.  
Бүгінде облыста 92 БАҚ құралдары жұмыс жасайды. Олардың қатарында  4 электрондық БАҚ, 5 ақпараттық агенттіктер, 83 баспа басылымдары бар.  БАҚ билік пен халық арасындағы алтын көпір саналады.
Мереке қарсаңында көрермен көзайымына айналып, қызмет барысында қыршыннан қиылған тележурналист Сахитжан Бермағанбетов атындағы дәстүрлі «Ең үздік жас журналист» байқауы ұйымдастырылған болатын. Салтанатты шарада жеңімпаздардың есімі аталды. Мәселен, «Үздік сюжет» номинациясы бойынша қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасының редакторы Нұрдәулет Қалыбеков үздік деп танылса,  «Үздік мақала»  номинациясы бойынша «Халық» газетінің бас редакторының орынбасары Қозы Көрпеш Жасаралұлы марапатталды. Ал, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Айдана Жұмадинова «Үздік жарияланым» номинациясына ие болды. 
Салтанатты шарада Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Аманжол Оңғарбаев Одақтың марапаттарын табыстады.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.
02 шілде 2018 ж. 1 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам