ФӘЧ-2018: ЖАПОНДЫҚ ФУТБОЛШЫЛАР КИІМ АУЫСТЫРАТЫН БӨЛМЕНІ МҰНТАЗДАЙ ЕТІП ТАЗАЛАП, ОРЫС ТІЛІНДЕ ХАТ ҚАЛДЫРЫП КЕТКЕН

Бұл туралы World of buzz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жапондықтар ойыннан кейін киіну бөлмесін тәртіпке келтіріп, үстелге орыс тілінде «Рахмет» деп жазылған жазба қалдырып кеткен. Айта ке тейік, Жапония құрамасы әлем чемпионатынан шығып қалған ойын Ростов-на-Дону стадионында өтті.
2 шілдеде жапондықтар кездесу кезінде 2: 0 есебімен жеңіске жетті, бірақ кейінірек бельгиялықтарға (2: 3) есебімен ұтылып қалды. Ал, Бельгия құрамасы ширек финалда Мексиканы 2: 0 ұпаймен жеңген бразилиялықтармен ойнайтын болады.
Сыпайылықтарымен жұртты таңғалдырған жапондықтардың осымен алғаш рет мұндай әрекет жасап тұрған жоқ. Бұған дейін жапон жанкүйерлері Саранскі стадиондағы бүкіл қоқысты жинап шыққан болатын. Жапондықтар “мұнтаздай таза жанкүйерлер” деген атаққа 2014 жылы Бразилияда өткен әлем кубогынан кейін ие болған. Ол кезде де, жапондықтар ұлттық құраманың матчтарынан кейін трубиндарды тазалап шыққан.