Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЧ-2018: РЕСЕЙ САУД АРАБИЯСЫН ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

ӘЧ-2018: РЕСЕЙ САУД АРАБИЯСЫН ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

    Футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігінің алғашқы ойыны аяқталды. Алаң иелері - Ресей құрамасы Сауд Арабиясынан 5:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі құрама бұған дейін 1 мәрте кездесу өткізген екен. 1993 жылы өткен жолдастық кездесуде араб жігіттері 4:2 есебімен басым түскен еді. Ал ресми кездесуде екеуі ешқашан кездесіп көрген жоқ.
Айта кетелік, екі құрама да ФИФА рейтингінде орта деңгейде келеді. Атап айтқанда, Ресей 70-орында тұрса, Сауд Арабиясы олардан үш сатыға жоғары тұр. Әлем чемпионатының тарихында мұндай төменгі рейтингте жүрген қос құрама жарыс шымылдығын ашқан жоқ еді.
Бұл кездесуге аргентиналық төреші Нестор Питана қазылық етті.  Ойынның 12 минутында Ресей құрамасының жартылай қорғаушысы Юрий Газинский гол соқты. Ол өзінің әріптесі Александр Головиннің сол қанаттан әуелете берген добын баспен қақпаға бағыттап,  әлем біріншілігінің алғашқы голының авторы атанды. Бұдан кейін де Ресей құрамасы қарсыластар қақпасы алдында бірнеше қауіпті сәттерді ұйымдастырды. Ойында негізінен алаң иелерінің басымдығы көрініп тұрды. Ойынның 23-минутында ресейлік футболшы Алан Дзагоев жарақат алып, оны әріптесі Денис Черышев алмастырды. Ойынның бірінші кезеңі аса жоғары деңгейде тартысты өткен жоқ. Доп негізінен алаң ортасында көбірек көрінді. Ойынның 43-минутында Роман Зобниннің пасынан кейін Денис Черышев Сауда Арабиясы қақпасынан саңылау тапты. Есеп 2:0.
Келесі екі доп ойынның екінші кезеңінде соғылды. Ресей шабуылшысы Артем Дзюба есепті 3:0-ге жеткізсе, ойынның 91-минутында Денис Черышев тағы бір доп соқты. Ойынның нүктесін 94-минутта Александр Головин қойды. Қорытынды есеп 5:0. Ресей жеңіске жетті. 
Сауд Арабиясы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне 5-мәрте қатысып отыр. 1994 жылы АҚШ-та өткен әлем біріншілігінде олар 6 топта сынға түсіп, екінші орынмен жарыстың 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды. Марокконы 2:1, Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп, Голландиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Жарыстың 1/8 финалдық кезеңінде олар Швециядан 1:3 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтауға мәжбүр болды. Араб футболшылары одан кейін 1998, 2002, 2006 жылдарда дүбірлі доданың финалдық кезеңінде бақ сынағанымен, өз тобында төртінші орыннан аса алмады. Ал ресейліктер КСРО құрамасы көрсеткіштерімен қоса есептегенде әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде 11 мәрте бақ сынады. КСРО құрамасы 1958, 1962, 1970, 1982 жылдары 1/4 финалға дейін жетсе, 1966, 1990 жылдары өз тобында төртінші орыннан аса алған жоқ.  1986 жылы 1/8 финалдық кезеңге жетті. КСРО құрамасының заңды мұрагері саналатын Ресей құрамасы биылғы біріншілікті есептемегенде бұған дейін 1994, 2002, 2014 жылдарда финалдық кезеңде сынға түсіп, үшеуінде топтық кезеңде үшінші орынды місе тұтты.
Ресей құрамасы ендігі кездесуін 19 маусымда Египет құрамасына қарсы өткізсе, 20 маусымда Уругвай мен Сауд Арабиясы шеберлік байқасады. А тобының екінші кездесуі ертең, 15 маусымда Египет және Уругвай құрамаларының арасында өтеді. Сондай-ақ, 15 маусымда В тобындағы Марокко - Иран, Португалия - Испания құрамалары арасында ойындар болады.
15 маусым 2018 ж. 1 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам