Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "7-20-25" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СЕРІКТЕС БАНКТЕРІ АТАЛДЫ

"7-20-25" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СЕРІКТЕС БАНКТЕРІ АТАЛДЫ

"7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері анықталды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз-конференциясы барысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тізімде 7 банк бар: Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Bank RBK, Қазақстанның Ұлттық банкі, Цеснабанк, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі.

Сондай-ақ, 2018 жылдың соңына дейін Сбербанк пен ForteBank банктерінің қосылуға дайын екенін айтылады.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасына Қазақстандағы барлық категориядағы адамдар қатыса алады: мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер, мүгедектер және көп балалы отбасылар.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айының басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй ипотекасын қолжетімді ете алатын жаңа "7-20-25" бағдарламасын таныстырған болатын.

"(...) Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс. Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады. Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек", - деп түсіндірген еді Назарбаев.

Сондай-ақ, осыған дейін "7-20-25" ипотекасы қашан беріле бастайтыны айтылған еді. Ал 19 маусымда "7-20-25" тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілген болатын.
04 шілде 2018 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам