СИНОПТИКТЕРДІҢ 5 ШІЛДЕ КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ болуы мүмкін.
Ақтөбе, Қостанай, түнде Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық сақталады,
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бүгін қатты ыстық күтіледі.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.