Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 4 ШІЛДЕ КҮНІ ӨТКІНШІ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

4 ШІЛДЕ КҮНІ ӨТКІНШІ ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ

   Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында 4 шілде күні өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, жел күшеюі де мүмкін. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте және орталықта түнде және таң ата тұман түседі.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шаңды дауыл көтерілуі де мүмкін.
Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында да жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні секундына 25 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да ықтимал.
Қарағанды облысында түнде және таң ата бірқатар аймақтарда тұман түсіп, жекелеген аудандарда жел секундына 18 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде түнде және таң ата тұман түседі.
Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады. Кей жерлерде қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысы мен Қостанай, Қарағанды облыстарында өте қатты ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау облыстары мен Қызылорда, Батыс Қазақстан Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан обылстарында өрт қаупі сақталады.
04 шілде 2018 ж. 1 549 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам