Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ...

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ...

    Бала арман деген бар. Ал, кішкен­тайлар кәдім­гідей қиялға ерік береді. Күндердің күнінде сол арманы жүзеге асарына балғын жүрек сенеді.
Астанадай әсем қала­ны көрсем екен деген арал­дық Нұрсұлтанның да ақ тілегі орындалды. Ол Мемлекет басшысымен де жүздесті. Елорданы да көріп, тамашалады. Асқақ арманы орын­далған күнді кейіпкеріміз әлі ұмытар емес.

Былтыр қазан айында Елбасы Сыр өңіріне іс ­сапармен келген сәтінде облыстың шалғай ауданы – Аралдан Нұрсұлтан Жақсыгелдиев есімді бүлдіршін келіп, өзінің бала арманын Мемлекет басшысына жеткізді. Сол бір мезеттің көрінісі болған сурет әлеуметтік желілерде тарады.
– Құрметті Нұрсұлтан ата! Мен өскенде сіз сияқты Президент немесе ғарышкер болғым келеді. Өйткені, Президенттің өз тікұшағы бар. Ал, мен әжемді, достарымды және көрші балаларды ұшақпен қыдыртқым келеді. Әсіресе, сіз тұрғызған Астананы көрсем екен деймін. Бәрі сол қаланы мақтайды, – деп елдің алдында Елбасыға арманын жеткізді.
Жас өреннің арманына құлақ түрген Мемлекет басшысы бала Нұрсұлтанның басынан сипап, батасын берді. Ата-анасымен бірге Елордаға қыдырып қайтуға шақырды.
Нұрсұлтанның бала тілегі қабыл болып, Елордаға барды. Жеткіншек жалғыз бармады, өзінің отбасымен бірге саяхаттады. Алғаш рет ұшаққа да мінді.
Біз Астана күні қарсаңында Нұрсұлтан және әжесімен сөйлескенді жөн көрдік. Кішкентай кейіпкеріміз бүгінде Арал қаласындағы №260 орта мектептің 2-сыныбын бітірді. Оқуда озат. Ұстаздары да қабілетті екенін айтады. Үйінде 3 ағайынды, баланың үлкені. Тағы бір ерекшелігі, адамды еш жатырқамай, ортаға тез үйреніп кетеді. Бізбен де бұрыннан танитындай сөйлесіп кетті. Оның мектепте де, ауыл ішінде де достары көп екенін байқадық. Әжесі Айнагүл Бисенбаева немересінің келешегінен үлкен үміт күтеді.
– Нұрсұлтан деп есімін өзім қойдым. Өте алғыр әрі жан-жақты болып өсіп келеді. Неме­рем­нің барынша білімді болғанын қалаймын. Өйткені, қазір – білімділердің заманы. Осы балам­ның арқасында Астанаға да бар­дық. Бәрі де аяқ астынан болды. Әсем қаланы көру – Нұрсұлтанның арманы еді. Шүкір, аймақ басшысының қолдауымен Елорданы тамашалап қайттық. Өте керемет әсермен оралдық, – дейді әжесі.
Бала Нұрсұлтанның да өзімен сөйлестік. Періште пейіл жас өрен өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.
– Білесіз бе, Астанаға тағы да барғым келіп жүр. Ерекше ұнады. Тамаша әсер алдым. Біздің сондай Астанамыз барына қуандым және мақтанамын. Үш күн сол жақта қаланы араладым. Музей, «Бәйтерек» кешені, балалар саябағы секілді біраз жерге бардық, – деді ол.
Қазір жазғы демалыста болса да, ойын баласы мектебін ұмыта қоймаған. ­Жаратылыстану, дүниетану, жануарлар әлемі мен математика пән­дерін ұнататынын жеткізді. Оған қоса сурет сал­ғанды, бүгінгі заманға сай робот құрастырғанды жақсы көреді.
– Нұрсұлтан, арманыңды айтшы, – деп сөзге тартқанымызда бала жауабы тамсандырды.
– Негізі арманым көп... Аралым Астанадай әсем болса деймін. Елбасыдай үлкен азамат болсам, барлық адамға көмектескім келеді. Үлкендер мен балалар ауырмаса екен, – деген арманын жеткізді.
Өзі кішкентай болғанымен елдің жанашыры екені байқалып тұр. Біз де егемен еліміздің осындай жарқын ұланы өсіп келе жатқанына іштей қуанып қалдық.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
06 шілде 2018 ж. 1 660 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 438 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам