ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕККЕ – ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

Қазақ халқы 20 жылдың ішінде Сарыарқа төсінде сәулеті келіскен, дәулеті тасыған, шұғыла шашқан шырайлы шаһардың іргесін бекітті. Зеңгір көкпен тілдескен үйлер бой түзеп, оны тұрғындар құтты қонысқа айналдырды. Үшінші мыңжылдық табалдырығын ұлт болып ұйып аттаған Қазақ елі болашаққа нық қадам басып, алыс қияндарға жанарын жіті қадайды.
Шара барысында 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер және Астана күніне орай осы салада аянбай еңбек етіп жүрген маман иелері облыс, қала әкімдерінің алғыс хатымен, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының алғысымен марапатталды.
Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.