БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА МҮМКІНДІК МОЛ
Елімізде «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде баспаналы болуға мүмкіндік зор. Осының негізінде аз уақытта тұрғын үйге қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Елбасының халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған 5 әлеуметтік бастамасында бұл мәселе кеңінен қарастырылды. Осы орайда, «әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бастамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасы бекітілді. Бүгінде ол бойынша барлық мүмкіндік қарастырылып, тұрғын үйлер беріле бастады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан ұлттық банкінің облыстық филиалының директоры Әсет Мұстафин кеңінен айтып өтті.

– Маусым айында ҚР Парламенті заңнамаға бағдарламаны тиімді іске асыруға қажетті түзетулерді қамтитын заң жобасын қабылдады. Бағдарлама халыққа 7 пайыз мөлшерлеме бойынша ипотекалық несие алу үшін оңтайлы жағдай жасап отыр. Дегенмен, несиеге берілетін тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна болуы қажет. Сондай-ақ, 25 жылға несие мерзімін ұсынады, – деді Ә.Мұстафин.
Қазіргі уақытта осы бағытта Центркредит, Халық, Цесна, АТФ, РБК және Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойылған. Ал, Сбербанк пен Форте Банк бағдарламаға қызығушылық танытып отыр.
Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар ұлттық валютада беріледі. Оған тұрақты кірісі бар, меншік құқығында баспанасы жоқ азаматтар қатыса алады.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.