Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

АГРОӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

Соңғы жылдары Сыр өңірінің агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Саланың негізгі капиталына салынған инвестиция 17,7 есеге артып отыр. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 48 млрд. теңгеден 80,6 млрд. теңгеге дейін өсті.
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.
Аймақтың агроөнеркәсіп кешенін дамыту 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – экспорттық әлеуетті арттыру мен өткізу рыноктарын кеңейту. Осыған орай облыста бірінші кезекте жоғары экспорттық табыс табу секторлары белгіленді. Атап айтсақ, күріш, бақша өнімдері мен балық, жылқы, сиыр және қой еті. Қазіргі кезде олар Иран, Қытай, Ресейге экспортталуда.
Сонымен қатар, күріш өндірісін дамыту және экспорт көлемін арттыру бағытында қымбат нарықтарға шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, осы жылы өңірімізде Иранда жоғары сұранысқа ие «Торем Хошеми» сортын өндіру қолға алынды. Атап айтсақ, «Ақтөбе және К» серіктестігі аталған сортты 70 гектарға және «Сыр маржаны» шаруашылығында осы сортты тесттен өткізу үшін 2 гектарға егілді. Соның нәтижесінде биыл Иранға 60 тонна күрішті жіберу жоспарлануда. Сондай-ақ, бүгінде Қытайға күріш салысын өткізу мәселесі де ойластырылуда.
– Мемлекет тарапынан тұрақты түрде көрсетіліп отырған қолдаудың арқасында облыста мүйізді ірі қара, жылқы және түйе малының саны артты. Осыған орай ағымдағы жылы Иранға тірілей салмағы 26,5 мың тоннаны құрайтын алғашқы 812 бас қозы экспортқа шығарылды. Сондай-ақ, Жамбыл облысы арқылы Біріккен Араб Әмірлігіне барлығы 1132 бас қой жіберілді. Ал, жылқы етін экспорттау мақсатында облыста арнайы сервистік дайындау орталығы құрылды. Сондықтан келесі жылдан бастап, Шығыс Еуропа елдеріне экспортқа ет жіберу көзделуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың қаңтар-шілде айларында облыс бойынша 56,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 48,3 пайызға артып отыр, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Өңірде су шаруашылығына байланысты ірі жобалар қолға алынуда. Ондағы басты міндет – суармалы жерлерді қалпына келтіру, су қоймаларын жөндеу және жаңасын салу. Сондай-ақ, үлкен Арал теңізіне қайтарымсыз кететін суды барынша болдырмау, экологиялық қажеттілікке бөлінген суларды көлдер жүйесіне пайдалану. Бүгінде осы мақсатта 3 су қоймасын салу, апатты 2 су қойманы қайта жаңғырту – басты назарда. Оның ішінде САРАТС-2 жобасын ерекше айтуға болады. Алдағы уақытта су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен жою жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған жол картасының өңірлік бағдарлама шеңберінде біршама жұмыстар атқарылады. Атап айтсақ, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы қорғаныс бөгеттері нығайтылады. Сондай-ақ, Жалағаш ауданындағы Тұрымбет және Қорғанша учаскелерінде Сырдария өзенінің арнасын түзету мен Қызылорда су торабын кешенді жөндеу қолға алынады.
Сыр өңірінде балық шаруашылығы қарқынды дамуда. Мәселен, биылдың өзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен облысқа 7696 тонна балық аулау лимиті бөлінді. Оның 6934 тоннасы кіші Арал теңізінің үлесінде. Соның нәтижесінде жыл басынан бері 3512 тонна балық ауланып, республикалық бюджетке 80 млн. теңге қаржы түсірілген. Қазір аймақта жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Осыған орай облыстан 2335 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды. Атап айтсақ, оның 1577 тоннасы Ресей Федерациясына, 758 тоннасы Еуропа елдеріне (Дания, Германия, Польша, Әзірбайжан, Голландия, Грузия, Өзбекстан) жіберілді.
Сонымен қатар, қазір облыстағы 267 елді-мекеннің 174-нің бас жоспарлары мен даму сызбалары әзірленіп, бекітілді. Тұрғын үй құрылысы үшін мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында бірнеше елді-мекеннің шекараларын өзгерту (кеңейту) жобалары қайта дайындалды.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.

17 қазан 2017 ж. 1 860 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам