ЖҰЛДЫЗДЫ ЖҰП ЕРЛАН МЕН БАЯН ҚОС ҰЛЫНА АРНАП ДҮРКІРЕТІП ТОЙ ЖАСАДЫ (ФОТО)
Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышеваның отбасында қос қуаныш. Жұлдызды жұптың тұңғышы Назарәли 3 жасқа, ал кенжесі Зейін 1 жасқа толды. Ерлан мен Баян қос бірдей атұстарының туған күніне орай дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Жұлдызды жұп Ерлан мен Баян қос ұлына арнап дүркіретіп той жасады
Жұлдызды жұп Ерлан мен Баян қос ұлына арнап дүркіретіп той жасады
Той Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Ерлан мен Баянның қуанышына Алтынай Жорабаева, Сәкен Майғазиев, “Жігіттер” квартеті, Арман мен Аша, Ғани мен Бота, Асхат Тарғын сынды танымалдар ортақтасқан.
Жұлдызды жұп Ерлан мен Баян қос ұлына арнап дүркіретіп той жасады
Бұл күні жұлдызды жұп кенжелері Зейіннің тұсауын кестірді.
Жұлдызды жұп Ерлан мен Баян қос ұлына арнап дүркіретіп той жасады
Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын шаңырақ көтерген Ерлан мен Баянның екі ұлы бар. Бұдан бөлек, Баян Нұрмышеваның алғашқы некесінен бір атұстары өсіп келеді.