Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СИНОПТИКТЕРДІҢ 11 ШІЛДЕ КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

СИНОПТИКТЕРДІҢ 11 ШІЛДЕ КҮНГІ АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 шілде күні еліміздің жекелеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстікте түнде және таңертең дауыл тұрады. Республиканың тек батысында, оңтүстігінде, және шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның кей аймақтарында жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл тұрып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Жамбыл, Қостанай, Ақмола, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарында бұршақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, кей жерлерде Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
11 шілде 2018 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 440 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам