ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА
Астана күні қарсаңында Қызылорда қаласы мен оған қарасты окрцгтерде түрлі іс-шаралар өткізілді.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Жаса, жайна, Астана» атты видео-слайд ұйымдастырылды. Аталмыш шара елордамыз – Астананың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңін оқырманға насихаттаумақсатында өткізілген. Онда бас қаланың тарихы, қазіргі келбеті, жетістіктері, даму бағыттары, ескерткіштері мен сәулет ғимараттары туралы мәліметтер видео арқылы көрсетілді. 1998 жылы Астана мəртебесіне ие болған қаланың қазіргі таңдағы сәні мен салтанаты жəне келбеті туралы ой-пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, кітапханада «Астана – Қазақстанның жүрегі» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені өткізудегі негізгі мақсат – болашақ ұрпақты елін, жерін сүюге, Отанының патриоты болуға, өз елімен мақтана білуге тәрбиелеу және дарынды жас суретшілерді шығармашылық ізденіске баулу. Оған кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Жас суретшілер өз туындыларында Қазақстанның әсем қаласы – Астананың келбеті, табиғаты мен кең даласын бейнелеген әртүрлі жұмыстарын ұсынды.
Тасбөгет кентінде өткен «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» деп аталған салтанатты шараныС.Майқанова атындағы мәдениет үйі ұйымдастырған. Онда «Мереке» вокальды-аспапты ансамблі, облысқа танымал басқа да әншілер мен бишілер өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама мерекелік отшашуға ұласты.
Астананың айшықты мерекесіне арналған «Асқақ төрім – Астана» атты салтанатты шара Қызылорда қаласының орталық алаңында кең көлемде ұйымдастырылды. Онда қала әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановқұттықтау лебізін жеткізді.

Мереке қарсаңында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай дәстүрлі «Ел іші – өнер кеніші» атты елді-мекендер арасында қалалық байқау ұйымдастырылған еді. Аталмыш байқаудың қорытындысы бойынша «Өнерлі ұжым» номинациясымен Қарауылтөбе ауылдық клубы, «Таланттар тұғыры» номинациясымен Ақсуат ауылдық мәдениет үйі марапатталды.
Айшықты күнде жергілікті өнерпаздар Астана, туған жер, Отан туралы әндерді жанды дауыста шырқап, бишілер мың бұрала би биледі. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Жұртшылықтың жанын жадыратып, шаттығын еселеген іс-шара қала аспанын арай-нұрға бөлеген мерекелік отшашумен түйінделді.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.