Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРЛІГІ ЖЫРҒА АРҚАУ БОЛДЫ

ЕРЛІГІ ЖЫРҒА АРҚАУ БОЛДЫ

    Жалағаш ауданындағы мәдениет және өнерді дамыту орталығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Социалистік Еңбек Ері, ақын Ұзақ Еспановтың 90 жылдығына арналған «Жүрегім жыр құйды таңдайыма» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Шараны аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ашып, жыр жампоздарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ақын, Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың інісі Болат Мырзағалиев арда азамат жайлы естеліктер айтып, тау тұлғаның өмір жолынан сыр шертті.
– Ұзақ Еспанов Жалағаш ауданының қазіргі Мақпалкөл ауылында туған. 1944 жылдан осы шаруашылықта колхозшы болды. Қызылорда педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, алғашқы еңбек жолын ауылдан бастады. Одан кейінгі жылдары мектеп директоры, Жалағаш аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінде, 1963-1969 жылдары Қазақстанның ХХ жылдығы, Жамбыл атындағы колхоз басқармаларының төрағасы, 1961-1991 жылдары «Мәдениет», Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы совхоздардың директоры болып қызмет атқарды. Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Қажырлы еңбек етіп, ел дамуына елеулі үлес қосқан Ұзекең 1973 жылы Еңбек Ері, Ленин, Октябрь революциясы, екі Еңбек Қызыл Ту ордендері және 10-нан астам әртүрлі үкімет медальдарымен марапатталды. Бірнеше мәрте аудандық, облыстық кеңестерінің депутаты, партия комитетінің мүшесі болып сайланды. 1991 жылы зейнеткерлікке шыққан соң аудандық ардагерлер кеңесіне төрағалық етті. Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Ұзақ Еспанов 2014 жылы 86 жасында дүниеден озды. Осыншама қызметте жүрсе де өлең жазудан қол үзген емес. Оның тұлғалық келбеті, байсалды мінезі, қажырлы еңбегі қай жағынан алсаң да мақтауға әбден лайықты. Аттың үстінен түспей күні-түні еңбек етіп, ел экономикасын еселеуге мол үлес қосқан ағамызды ардақтап, дара ақынды жас ұрпақпен қайта қауыштырып жатқан бұл шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылығымды білдіремін, – деді ол.
Айта кетейік, тау тұлғалы арда ақынның бірнеше кітабы жарыққа шыққан. Шара барысында жас ақындар оның өмір-жолын өлеңмен суреттеп, елге жасаған еселі еңбегін ұрпақ жадында жаңғыртты.
Мүшәйрада барлық аудандар мен Қызылорда қаласынан қатысқан 18 ақын Ұ.Еспановқа арнап жазылған арнау өлеңдерін және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған жыр шумақтарын оқыды.
Әділқазылар алқасы ақындардың өнерін сараптап, ең мықтыны анықтады. Нәтижесінде, бас жүлдені М.Шәменов ауылының жас ақыны Гүлнар Мырзалиева қанжығасына байласа, І орынды жаңақорғандық Нажан Бижанов иеленді. Ал жүлделі ІІ орын қызылордалық Әли Асқарға бұйырса, келесі орынды қазалылық Төреш Нұрболат пен Қызылорда қаласынан келген Әлішер Бақытжан өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.
12 шілде 2018 ж. 1 559 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам