ӘКЕСІНЕН АУМАЙДЫ: САЛТАНАТ БАҚАЕВА 4 АЙЛЫҚ ҰЛЫН КӨРСЕТТІ (ФОТО)
Қарақат Әбілдина мен Аша Матай 1 жасқа толғанға дейін қыздарын ешкімге көрсетпеді. Тіл бар, көз бар деген жұлдызды келіншектер осылай сақтануды жөн көрген. Алайда Салтанат Бақаева олай жасамады. Ол 4 айдан енді асқан кенже ұлын халыққа таныстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сондай-ақ, Бақаева ұлы Айтөрені алғаш рет саяхатқа алып шыққан. Бір қызығы, ол есейіп қалған екі баласын елде тастап кетіпті.
Өнер иесі жолдасы және кенжесімен бірге Мысыр елінде саяхаттап жүр. Бұл орайда Салтанат не себепті дәл осы елді таңдағанын түсіндірді.
“Нұржан екеуміз ешқашан да Египетте болмағанбыз. Сондықтан да бұл елдің байырғы мәдениетімен танысқымыз келді. Бұл елді таңдағанымыз сол еді, көптеген адамдар мұнда ыстық екенін айтты. Бірақ бұл бізді тоқтатқан жоқ. Ешкімнің сөзіне мән бермегеніме қуанамын, себебі ауа-райы өте тамаша. Ел айтқан аптап ыстық жоқ”, – деп атап өтті Салтанат.
Бақаева 4 айлық ұлының жолға қалай шыдағанын да айтып берді.
“Ұшу ұзақтығы – 6 сағат. Айтөрешіміз жол бойы ұйықтады десем де болады. Үш баланың анасы ретінде оған қалай қол жеткізу керектігін білемін”, – деген Салтанат бұл туралы кейінірек әңгімелеп беруге уәде берді.
Ал желі қолданушылары Айтөренің Салтанатқа қарағанда, әкесіне қатты ұқсағанын жазып жатыр.
Еске сала кетейік, Салтанаттың үшінші ұлы 2018 жылдың наурыз айында дүниеге келген еді. Әнші Айтөре деген есімді оқырмандарының көмегіне жүгіне отырып таңдаған.