Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАС ҚАЛА БОЛҒАН ӨҢІРМІЗ

БАС ҚАЛА БОЛҒАН ӨҢІРМІЗ

    Қызылорда 1925-1929 жылдарда Қазақстан астанасы болды. Бұл уақытта қалада ауқымды істер атқарылды. Тарихтың жарқын беттері ашылып, шаһар тұрғындарының саны 22577 адамға жетті.
Сыр жағасындағы шаһар өмірге жаңа қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізген соң түрлі мекемелер мен өндіріс ошақтарының іргетасы қаланды. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаты, сыра зауыты мен басқа да артелдердің қатары көбейді.
Бұрын қалада батпақтан соғылған тамдар көп еді. Енді олардың орнына жаңа үлгіде салынған үйлер бой түзеді. Қайда барсаң да қарқынды құрылыс жүріп жатты. Бұл кездері орта және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты, қазақтың эпидемиология және гигиена институтының негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ, ең алғаш рет қазақтың ғылыми-зерттеу, жер қыртысын зерттеу, мал дәрігерлік-бактериологиялық және басқа да институттары өз жұмысын Қызылордада бастады.
Бұл кезеңде Қызылордада мәдени өмір кең қанат жайды. 1925 жылы байланыс басқармасы құрылса, 1926 жылы радио торабы, радиостанса қызметін бастады. Оған қоса 100 орындық өлкелік, 45 орындық қалалық ауруханалар ашылды. 1924 жылы  қазақ, орыс, татар, украин халық театрлары отау тіксе, 1926 жылы 13 қаңтарда қазақтың тұңғыш ұлттық театры шымылдығын түрді.
Қала өмірі күнделікті жаңалыққа толы болды. Совпарт мектебі, халық ағарту институты, геологиялық-барлау бағытындағы рабфак, дәрігерлер дайындайтын оқу орны, кооператив, шикізат, транспорт, механикалық, қаржы техникумдары, тағы да басқа қажетті оқу орындары ашылды. Сауатсыздықты жою үшін газет-журналдардың рөлі зор екендігін ұққан ұлттық кадрлар оны ә дегеннен-ақ қолға алды. Сол кезде Қызылордада «Еңбекші қазақ», «Советская степь», кейінірек «Казахстанская правда» деп аталатын республикалық газеттер мен журналдарды шығарылып, тарата бастады. Қызу пікірталасқа толы бұл басылымдарды көзіқарақты қазақтың бәрі іздеп оқыды. 1928 жылы Қызылордадан 31 газет басылып шықты. Оның 13-і қазақ тілінде жарық көрді.
Осы саланың туын желбіретуге қоғамдық-саяси қызметті қоса арқалаған, ел көшіне, өмір ағымына, халық тағдырына көңіл бөлген дарынды жазушылар мен ақындар да білек түріп араласты. Атап айтқанда Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Сабыр Шәріпов, Қалмақан Әбдіқадыров, Әбділдә Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетовтың шығармалары Қызылордада жарық көрді.
Қызылорда саз балшықтан салынған бейнесін бұзып, қос қабатты, әсем үлгідегі үйлермен жасана түсті. Ол үшін сол кездегі мөлшермен қыруар қаржы бөлініп жатты. Сөйтіп қалада қазақтың ұлттық нақышта әспеттелген әсем үйлер бой көтерді.
1927 жылы ел үкіметі астананы Алматыға көшіру жөнінде шешім қабылдағанымен өзінің жұмысын Қызылордада жүргізе берді. Осы жылдың сәуірінде Түркістан-Сібір теміржолының құрылысы жалғасып, 1929 жылғы 18 шілдеде, үкімет белгілеген мерзімнен 7 күн бұрын құрылысшылар жолды Алматыға дейін жеткізді. Осы оқиға астананың Алматыға ауысуына мүмкіндік жасады.


Биболат Сәтжан
16 шілде 2018 ж. 1 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 424 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30