Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕДЕУ МҰЗ АЙДЫНЫНДА ДЕНИС ТЕНГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТПАҚ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР МЕДЕУ МҰЗ АЙДЫНЫНДА ДЕНИС ТЕНГЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТПАҚ

   Қазақстандықтар Медеу мұз айдынында белгілі спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішін орнатпақ. Қазір әлеуметтік желіде осы мақсатта краундфандинг алаңы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Мұндай бастаманы Алматы тұрғыны Азиза Өтегенова Фейсбук желісінде көтерді. «Біз Денис үшін не істей аламыз? Менің қолымнан краундфандинг қорын ашу ғана келеді. Денис Алматы тарихында қалуы керек. Басқаша болуы мүмкін емес. Жүрегімізді қайғы басты. Жас. Әдемі. Талантты! Оны еске алып отыратын, мәңгілік жадымызда қалдыратын орын керек. Ол бұл құрметке лайық! Біз оны сақтап қала алмадық! Халқымыз бәріміз жабылып, Дениске Медеуде ескерткіш орнатайық!», - деді Азиза Утегенова.
Оның бұл бастамасын Медеу мұз айдынының басшылығы да қолдады. Бүгін краунфандинг алаңы ашылды. Қазақстандықтар ортақ шотқа ерікті түрде қаржы жинай бастады. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00-дер шамасында болған еді. Спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен.
 Кеше түскі 15:00-дер шамасында белгілі спортшы Денис Тен ауруханаға пышақ жарақатымен түскен болатын. Дәрігерлер клиникалық өліммен түскен спортшыны 2,5 сағат бойы реанимациялық шаралар жасап, аман алып қала алмады. Денис Тен көп қан жоғалту себепті көз жұмды.
20 шілде 2018 ж. 1 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам