Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАЛУАНДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 16 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ


Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың соңғы екі күнінде бозкілемге еркін күрес балуандары күш сынасып, 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Өкінішке қарай, қазақстандық еркін күрес балуандарына Азия чемпионатының бас жүлдесі бұйырмады. Екі балуанымыз финалдық бәсекеде белдескенімен, қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Атап айтсақ, 61 келідегі Талғат Сырбаз алтын медаль үшін болған белдесуде өзбекстандық балуаннан 4:6 есебімен жеңіліп қалса, 97 келідегі Серік Бақытжанов ирандық қарсыласынан 1:6 есебімен ұтылды. Қола медаль Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Ерғали Әлішер (92 келі), Омар Эюбов (125 келі) сынды балуандардың еншісінде. Командалық есепте Иран, Үндістан және Өзбекстан құрамалары үздік үштікті құрады. Жапония - төртінші орында. Қазақстан балуандары бесінші орынға табан тіреді. Осылайша, еліміздің жас балуандары Азия чемпионатында барлығы 3 алтын, 2 күміс, 11 қола медальға ие болды. Оның 2 алтын, 5 қола медалін грек-рим күресінің балуандары қоржынымызға салса, қыздарымыздың еншісінде 1 алтын, 3 қола медаль бар.
23 шілде 2018 ж. 1 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 518 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам