Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

   «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Азаматтық бақылау» жобасын іске асырып келеді.
Жоба аясында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды. Мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жергілікті жерлердегі азаматтарды толғандыратын аса маңызды проблемаларды айқындау, құқықтық кеңестер беру, аза¬мат¬тарды жан-жақты ақпараттандыру, түйткілді мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.
Жоба басталғалы бері Қоғамдық қабылдау бөлмесіне облысымыздағы 10 мемлекеттік орган басшылығы 70-ке  тарта азаматтарды қабылдады. Қабылдауға өз арыз-шағымдарын айта келген тұрғындардың мәселелері де әр алуан. Олардың денін тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету, жалақының дер кезінде берілмеуі, құжаттарды ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметкерлер жіберетін қателіктер, әлеуметтік көмектер сияқты көкейкесті мәселелер құрайды.
Көптеген азаматтар атқарушы органдар жұмыстарының сапасыз¬ды-ғынан немесе құқықтық сауат¬сыздық салдарынан зардап шегіп жатады. Ондайда қоғамдық қабылдау бөлімі тұр¬ғындарға құқықтық көмек көрсетіп, өтініштерін қанағаттандыруға мұ¬рындық болады.
Арнайы кесте бойынша жүргізілетін қабылдауға келген әр азаматтың арызы қа¬раусыз қалмайды. Себебі әр арыздың артында адам тағдыры тұр. Әртүрлі сала қызметкерлері тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға қоғамдық қабылдау барысында-ақ жауап беріп, кеңестер берсе, қосымша тексеру мен зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша арыздарды жазбаша жаздыртып, ол бойынша тиісті жұмыстарды бақылауға қояды.
26 шілде 2018 ж. 1 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам