Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КӘСІПКЕРЛЕР КӨКЖИЕГІ

КӘСІПКЕРЛЕР КӨКЖИЕГІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде кәсіпкерлік бағытқа ерекше мән берді. Сондай-ақ, биыл біздің аймағымызда жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланды. Бұл орайда облыс орталығы – Қызылорда қаласының қомақты үлесі бар.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, қалада 2018 жылдың 1-ші шілдесіне 26 272 шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің 48,8 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.
Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жанмұрат Сейілов бұл бағытта оң өзгерістерге тоқталды. Жыл басынан бері 1885 жаңа жұмыс орны ашылды. 2018-2020 жылдарға арналған жаппай кәсіпкерлікті дамыту жол картасының іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар аясында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 595 жобаны іске асыру, 1021 тұрғынды жұмыспен қамту және 345 адамды бизнес негіздеріне оқыту ойластырған.
Биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасы аясында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы» арқылы жалпы құны 86 млн. 897 мың теңгені құрайтын 9 жоба қолдау тапты. Ал, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 36 млн. теңгені құрайтын 9 жоба жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда құны 140 млн. теңгені құрайтын 33 жобаның құжаты тапсырылған. Олардың арасынан 17 жоба қолдау алса, қалғанының құжаты қаралуда. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктер арқылы 11 жобаға қаржы тартылды.
Аталған бағдарлама аясында ауылдық елді мекендерде шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы  ұйымы» арқылы да қаржы алуға қол жетті. Жалпы құны 190 млн. 600 мың теңгені құрайтын 34 жоба өз жұмысын бастауда. Жыл басынан бері аталған бағдарлама аясында 478 млн. 997 мың теңгені құрайтын 80 жоба қаржыландырылды. Бұл жыл соңына жалғаса бермек.
Қалаға қарасты елді мекендерде кәсіпкерлікті дамыту аясында қолдау алған жобалардың нәтижесінде тігін цехы, наубайхана, қонақ үй, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығы іске кірісті. Мал басын көбейту және сүт, ет  бағытын дамытуда 522 мүйізді ірі қара, 202 жылқы, «Береке», «Ырыс» несие беру бағдарламалары аясында 5 кооперативтің 138 мүшесі тарапынан  2 814 мүйізді ірі қара мал сатып алынды.
 Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жыл басынан бері 3684 адам тұрақты кәсіп көзімен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 2075 азамат шағын және орта бизнес құрылымдарына орналастырылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 1 млрд. 681 млн. 775 мың теңгені құрайтын  30 жоба қолдауға ие болды.
Осы жылы қала кәсіпкерлері мен өз кәсібін жаңадан ашқысы келетін бастамашыларды кәсіпкерлік негіздеріне тарту мақсатында қалалық бюджеттен 2 млн. 101 мың теңге бөлінді. Алдағы уақытта да кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған барлық бағдарламалармен мүмкіндіктерді тиімді қолдану арқылы қала көлемінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.


Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
30 шілде 2018 ж. 1 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам