СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЛА ӨМІРІ
Бүгінде қос ғасырлық тарихы тасқа басылған Қызылорданың 1940-1950 жылдардағы тыныс-тіршілігі соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Тіршілік ауаны да соған сәйкес өрбіді.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде бүкіл еліміздегі сияқты Қызылордада митингілер мен шерулер болып, онда фашистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен жасаған шабуылы айыпталды. Халықтың өз еркімен Отан қорғауға аттануы көрініс берді. Әскер қатарына қабылдануға ниет білдірген хаттары жергілікті билікке үздіксіз келіп жатты.
Қаладағы осындай митингіге тек бір күнде 17 мың адам қатысқан. Өздерінің Отанға деген шын сезімін барлық еңбекшілер білдірді. Қалалық активтер мен жиналыстарға қатысқан адамдар бұл орайда жылы лебіздерін білдірді. 23-27 тамыз аралығында колхоз басқармалары төрағаларының, МТС директорларының, бастауыш партия ұйымдары хатшыларының жиналыстары болып, онда шаруашылық жұмыстарын әскери қалыпқа түсіру мәселесі қаралды.
Шілде және тамыз айларында халық арасында қорғаныс-бұқаралық жұмыстарын өрістету, халықты әуе шабуылынан қорғана білуге дайындау, қорғаныс қызметін қайта құру және соғыс жағдайында күрішті тез жинап алу жайы таразыланды. Бұқаралық-қорғаныс ұйымдарының және Осоавиахим, Қызыл Крест басшылары және мүшелерімен кеңес өткізілді. Осы жылдың аяғына дейін соғыс және қорғаныс тақырыптары бойынша ондаған баяндамалар жасалып, дәрістер оқылды, оларды талқылауға 152 мың адам қатысты. Облыстық газетте және радио арқылы мақалалар берілді. Осоавиахим мен Қызыл Крест құрамында партия-комсомол топтарының көбеюі бұқаралық-қорғаныс ұйымының жұмысын жандандыра түсті.
Қалада майдан жағдайында қызмет атқарудың барысы, оның нәтижелері, алға қойылған міндеттердің орындалуы барысы жиі-жиі талқыландыы. Кемшіліктерді түзету үшін арнайы қаулы қабылданып, нақты көмек көрсету шаралары белгіленді. Онда ең алдымен, суды дұрыс пайдалану, күрішті жинауға механизмді кеңінен қолдану, колхозшылармен шарт жасау арқылы жұмыс жүргізу белгіленді. Қалада балалар аландарын, балабақшалар ашу арқылы әйелдердің еңбекке түгелдей қатысуын қамтамасыз ету ойластырылды.
Осылайша, бұқаралық-қорғаныс ұйымдарының арқасында өнеркәсіп орындары мен теміржол қатынасы соғыс жағдайына бейімделген. Кәсіпорындарда басқару аппараттары қысқарып, олардың есебінен өндірістік күштерді толықтыру қолға алынды. Мысалы, Қызылорда вагон депосы ескі бөлшектер мен темірлерді қайтадан пайдаланды. Олардан әртүрлі қажетті бұйымдар жасау сырттағы зауыттардан алдырғаннан әлдеқайда арзанға түсетін еді. Нәтижесінде депо өз қаржысынан 227 мың сом үнемдеген.
Соғыс жағдайы әрбір қарапайым еңбек адамы атқаратын жұмыс көлемін ұлғайтқан еді. Кадр мәселесі де ерекше орын алды. Әсіресе механизаторлар құрамын нығайтуға баса көңіл бөлінді. Оған бұрынғы қызметкерлерді қысқа мерзімді курстарда оқыту қолға алынды. Соғыс басталған күннен 1941 жылдың қарашасына дейін Қызылордада әйелдер қатарынан 761 механизатор даярланған. Сол жылы барлық курста колхоз басқармалары төрағалары оқыды. Су шаруашылығы үшін әйелдер қатарынан 301 адам дайындалды.
1941 жылдың соңынан бастап облысқа эвакуациямен көшірілген кәсіпорындар келе бастады. Бұған дейін облыс аумағына 36 мыңнан астам адам көшіп келген еді. Олардың ішінен 18 мың адам еңбекке орналасты. Елімізге көшірілген 142 кәсіпорынның 11-і Қызылорда қаласына келді. Бұлардың ішінде екі паравоз жөндеу шеберханасы, үш консерві зауыты, электрожабдықтар, механикалық зауыттар болды.
Қызылорда қаласына Украинаның біріккен университеті, Мәскеудің ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институты, Қырым медицина иституты орналасты. Жоғары оқу орындары 900-ден астам маман даярлап шығарды. Көшіп келген кәсіпорындар жылдам іске қосылды. Олардың өндірістік қуаты қалпына келтірілгеннен кейін бұрынғысынан кеміген жоқ. Мәселен Дзержинский атындағы электротехника зауытының өндірістік қуаты көшірілгенге дейін 200 мың сом болса, қалпына келтірілгеннен кейін де сол дәрежесін сақтады.
Қаладағы бірқатар кәсіпорындарға облыстық атқару комитетінің шешімімен соғыс қару-жарақтарын дайындау тапсырылды. Мысалы, облыстық кәсіпшілдік кеңесінің артельдері мен шеберханалары соғыс киім-кешектерін тігумен, Қызылорда теміржол депосы мина және қол гранаталарын жасаумен айналысты.
Сондай-ақ, қалаға Мәскеудің «Парижская коммуна» аяқ киім фабрикасының бірқатар жабдықтарын орналастыру кезінде өндіріс орны құрылып, мұнда күніне 2400 аяқ киім тігілді. Осылайша, көшіп келген кәсіпорындар қаланың өндірістік-техникалық базасын нығайтты.
1942 жылы сырттан көшіп келушілерге 105 мың сомның тұрғын үйі салынған. Ал Қызылорда күріш зауытының ұжымы жоспарды артығымен орындап, бүкілодақтық кәсіпшілер комитетінің сыйлығына ие болды. Сол кезеңде қаладағы барлық өндіріс орындары өнім көлемін бірнеше есе арттырды.
Соғыс жылдары суландыру жүйесінде де ілгері жылжу байқалып, үкімет қаулысы бойынша құрылысы тоқтап тұрған Қызылорда плотинасы құрылысы 1945 жылдың сәуір айында қайта басталды. Бұл облыстағы ең бірінші маңызды құрылыс еді.

Биболат Сәтжан