Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРЛАН САҒАДИЕВ СЫРТТАЙ ОҚУДЫҢ НЕЛІКТЕН ЖОЙЫЛҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ

ЕРЛАН САҒАДИЕВ СЫРТТАЙ ОҚУДЫҢ НЕЛІКТЕН ЖОЙЫЛҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ

  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда сырттай оқудың жойылуы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сұрақ министрге «Ашық диалогта» қойылған болатын. «Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда сырттай оқу формасының жойылатыны туралы ақпарат тарады. Осы рас па? Егер рас болса, екінші жоғары білімді алу үшін және орта арнаулы білімнен кейін қанша жыл оқу қажет? Қазір сырттай оқу күндізгі оқуға қарағанда біршама арзан. Сырттай оқу жойылған соң, төлемақы қанша болады?» - деп жазды Асылжан Баймағамбетов. Ерлан Сағадиев елде сырттай оқу 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоқтатылатынын айтты. Ал сырттай оқып жүрген студенттер оқуын бітіргенше жалғастыра бермек. Ол жаңа заңнама бойынша жоғары білім бағдарламаларын меңгеру мерзімі алынып тасталғанын жеткізді. «Соған сәйкес, жоғары оқу орындары оқыту нәтижелерін ескере отырып, бакалавриат бағдарламасын жылдамдатылған режимде аяқтауды көздейтін интеграцияланған білім бағдарламаларын әзірлейді», - дейді министр. ҚР БҒМ басшысының айтуынша, жоғары оқу орындарында ақылы оқудың бағасын реттейтін норма да алып тасталған. «Бұл азаматтардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Осыған байланысты, білім бағдарламалары бойынша оқу төлемақысының көлемі мен білім қызметтерін көрсету шартының формасын енді жоғары оқу орындары өздері дербес бекітеді», - деді ол.
02 тамыз 2018 ж. 1 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам