Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШИЕЛіДЕ АГРАРЛЫҚ САЛА ДАМЫП КЕЛЕДІ

ШИЕЛіДЕ АГРАРЛЫҚ САЛА ДАМЫП КЕЛЕДІ

 Қазіргі уақытта Шиелі ауданы бойынша шағын кәсіпкерліктің 4337 субъектісі тіркелген. Олардың 284-і заңды тұлға болса, 3526-ы жеке кәсіпкер, ал, 527-і шаруа қожалығы болып табылады. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне ауданымыздан жобалық құны 374 млн. теңгенің 2 жобасы ұсынылып аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді. Инвестициялық жобалар бойынша биыл 22 наурызда кәсіпкер Сабыр Ермахановтың бастамасымен 45 млн. теңгенің шұбат өңдеу цехы қолға алынып, іске қосылды. Шұбат өңдеу цехы сапалы қондырғылармен жабдықталған. Аталған жоба Алматы қаласындағы аграрлық университеттің ғалымдарымен бірлесе жұмыс жасау арқылы жүзеге асуда.
Қазірдің өзінде арнайы ыдысқа өңделіп құйылатын шұбатпен бірге құрт және түйе сүтінен иогурт дайындау жұмыстары қолға алынады деп күтілуде.
Бұдан бөлек «Асылхан» шаруа қожалығы жобалық құны 69 млн. теңге болатын тауарлы сүт өндіру цехы жобасын қолға алды. Бүгінгі таңда ғимараты тұрғызылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
29 қараша 2017 ж. 1 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам