ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ ЖАС КОМПОЗИТОР ЖЕТІМ БАЛАЛАРҒА АРНАП ШЫҒАРМА ЖАЗДЫ

Бейсеқожа Нұрәлі Саттарұлы 17.12.2005 жылы Алматы қаласында туылған. 4 жасынан бастап пианинода ойнай бастады. 6 жасында алғашқы шығармаларын дүниеге алып келді. 2012 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық Қазақ мамандырылған музыка мектеп – интернатының 1-сыныбына оқуға түседі. Мамандығы скрипкашы, екінші аспабы – пианино. Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы, соның ішінде Республикалық «Гамманы шебер орындау», «Пьесаны шебер орндау» байқауларының 1-орын иегері, Music Star байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының композиторлары одағының басшысы Балнұр Қыдырбекқызының марапаттауымен «Қазақстандағы ең жас композиторы» дипломының иегері.
Қазіргі таңда 20-ға жуық шығармалардың авторы, соның ішінде «Анашым», «Балалық шақ», «Қазақ вальсі», «Аққан жұлдыз» (Денис Тенге арналған) және т.б. туындылары бар.