Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЛАДА КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

ҚАЛАДА КӨМІР ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

   Қалаға қажетті қатты отын қоры жеткілікті. Жылу беру маусымы кезеңінде Қызылорда қаласына шамамен 43,1 мың тонна қатты отын қажет. Қазіргі күні оның 36,4 мың тоннасы  тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жеткізілді.
 Қаладағы бірқатар тасымалдаушы мекемелер 2018 жылдың ақпан айына 5172 тоннаны құрайтын 75 вагон көмірге тапсырыс беріп, тапсырысқа сәйкес ақпан айының 10-да 2001 тоннаны құрайтын 29 вагон көмір жеткізіліп, тұрғындарға 15000-16000 теңге көлемінде таратылуда.
 Бұған дейін өткен жылдың қазан айында139 вагон (9591 тонна), қараша айында 133 вагон (9177 тонна), желтоқсан айында 114 вагон (7866 тонна) көмір жеткізілсе, ал қаңтар айында 113 вагон (7797 тонна) көмір қала тұтынушыларына жеткізіліп, сатылды. Жақын күндері, жеке кәсіпкер «РУСКОМ» 26 вагон (1794 тонна), «Мега Трейд Компани» ЖШС-не 6 вагон (414 тонна), «Олжас-2005» ЖШС-не 5 вагон (345 тонна) көмір әкеледі деп күтілуде.
  Қазіргі таңда, қаладағы көмір сақтайтын қоймаларда «Қызылорда Отын» ЖШС-де 690 тонна, жеке кәсіпкер «РУСКОМда» 483 тонна көмір қоры бар. Сондықтан, қатты отын тұтынушы қала тұрғындарына көмір жетіспеушілігі бойынша алаңдауға негіз жоқ. Ал, қоймаларға көмір түсірілген кездегі көмір алуға кезектілік бойынша қалыптасатын қолайсыздықтар көмір тапшылығын білдірмейді. Себебі, қаладан көмір алуға келетін жақын аудан тұрғындары да кезектің ұзаққа созылуына әсер етеді.
12 ақпан 2018 ж. 1 790 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам