Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БЕРЕКЕЛІ ІСТІҢ БИІГІ

БЕРЕКЕЛІ ІСТІҢ БИІГІ

Өткен аптада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерімен айналысатын құрылымдарда болды. Алдымен Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Натишаева» шаруа қожалығында болды.
 «Натишаева» жеке кәсіпкерлігі бірнеше саланы қатар алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл кәсіпорында тұрақты және ауысымдық негізде 350-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың орташа жалақысы – 70 мың теңге.
Кәсіпкерге қатысты жылыжайға барғанда жұмысшылар оны алдағы маусымға дайындап жатыр екен. Кешен 2014 жылы салынған. Ондағы еңбек адамдары арнайы дәріс алған.
– Көршілес Оңтүстік Қазақстан облысындағы әріптестерімізбен тәжірибе алмастық. Ақырындап осы саланы игере бастадық. Тұтынушылардан сұраныс өте жоғары. Қызылордалықтарды жергілікті өніммен қамтамасыз етсек дейміз. Осы мақсатта тынбай тер төгудеміз, – дейді жылыжай кешенінің мамандары.
Сонымен қатар мұнда «Орда» шаруа қожалығы орналасқан. Кешенде мал бордақылау алаңы, мал сою пункті, ет бағытындағы құс фермасы бар.
Бізде 120 мың «Арбор-Айкрес» тұқымдас тауық өсіріледі. Күніне 6500 жұмыртқа, 5 тонна ет өндіруге мүмкіндігіміз жетеді. Құсты Алматы облысынан әкеліп отырмыз. Бүгінде бұл орында 17 адам жұмыс жасайды, – дейді құс өсіру шаруашылығына жетекшілік етіп отырған Кенжебек Қалмұратов.
Келесі нысан – қала іргесіндегі «Ягодка» саяжайындағы жылыжай Кәсіпкер Досхан Жүнісов 2017 жылы жылыжай кешендерінің 50 данасын іске қосса, үстіміздегі жылы 70 данасын іске қосқан.
– Мұнда қияр мен қызанақ қана емес, сонымен қатар баклажан, болгар бұрышы, орамжапырақ, қауын, қарбыз егіліп жүр. Шаруашылықтың бұл түрі оңай емес. Машақаты жетіп артылады. Дегенмен, жаңа технологиялар көкөністерді жыл он екі ай өсіруге мүмкіндік беріп отыр. Бабы келіссе, қысқа мерзім ішінде сапалы өнім алуға болады. Ол үшін жоғарыда айтқанымыздай, тек тер төгу керек, – дейід кәсіпкер.
Баспасөз туры барысында Ақсурат елді мекеніне де аяндадық. Ондағы  «Самұрық құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің тыныс-тіршілігімен таныстық.
Кәсіпкер Мақсат Жүсіпов «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филалы тарапынан 8 пайызбен 28 млн. теңге несие алып және өз қаражасы есебінен 75 млн. теңге қаражатпен шаруашылығын бастаған. 20 мың құс ұстайтын екі нысан салып, қазіргі таңда 13 мың құс орналастырған. Бүгінгі күні «Сапсан гарант» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, күніне 8 мың жұмыртқа өнімін ауыл, қала тұрғындары ұсынуда.
Аталмыш шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, тағы да 15 адамды тұрақты түрде нәпақа тауып жүр.
Баспасөз туры барысында шаһар басшысы кәсіпкерлердің мәселерін тыңдап, алдағы уақытта мемлекет тарапынан да қолдау көрсететінің жеткізді.


Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
07 тамыз 2018 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам