ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР САЯЖАЙЛАРДА РЕЙД ЖҮРГІЗДІ
Қызылордалық тәртіп сақшылары қала маңындағы саяжайларға рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бақылау жұмыстары «Пищевик», «Ягодка», «Дружба», «Строительная» саяжайларында жүргізілді. Іс-шараға 42 қызметкер және 6 автопатруль жұмылдырылды. «Рейд кезінде 6 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықтады. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабымен (қоғамдық орындарда масаң күйде жүру) - 4, 608-бабымен (автокөлікті масаң күйде басқару) 1, 612-бабымен (автокөлікті құжатсыз басқару) - 1 дерегі анықталып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылды», - деп жазылған облыстық ішкі істер департаменті таратқан хабарламада.
Рейд барысында ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған 4 аңшы мылтығы бар қару иелері де тексерілді. Сондай-ақ, ішкі істер органдарында есепте тұратын 8 тұлғамен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Естеріңізге сала кетелік, үстіміздегі жылдың 4 шілдесінде Қызылорда қаласындағы «Ягодка» саяжайында қылмыскер 9 жасар қызды зорлап, оны қорғауға ұмтылған анасын өлтірген болатын.