ЗАҢСЫЗ ҚАРУДЫ САҚТАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482- бабының 1-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Әкімшілік іс құжаттары бойынша, құқық бұзушы А.-ның үйінде ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қару заңсыз сақталғаны анықталып, одан 16 калибрлі аңшы мылтығы алынды.
Сот отырысында құқықбұзушы А. өзінің кінәсін толықтай мойындап, қару атасынан қалғанын, бұрын ішкі істер бөлімінде тіркелмегенін, қаруды ол үйінде сақтағанын айтып, соттан кешірім сұрады.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, аңшы қаруын тәркілеп, оған 45 380 тенге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі